Өңірлер

Жамбыл облысының әкімі коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдырды

© Photo : акимат Жамбылской областиБердибек Сапарбаев привился казахстанской вакциной от коронавируса
Бердибек Сапарбаев привился казахстанской вакциной от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың ерікті келісімі бойынша жүргізілді

АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасын ектірді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы  қазақстандық QazCovid-in вакцинасын қабылдады. Вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, облыс әкімімен бірге С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожинге де отандық вакцина егілді.

"Әлемдік сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеуде. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-ы өзіміздің қазақстандық вакцинамызды да әзірледі. Еріктілерге арналған клиникалық зерттеулердің алғашқы екі кезеңі  сәтті өтті, оларда жақсы нәтиже көрсетті және жанама әсерлер болған жоқ. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін", - деді Бердібек Сапарбаев.

Айтуынша, қазір Таразда клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Оқушылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндеттеле ме – министр жауабы 

Айта кетейік, 19 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0