Өңірлер

Алматыда дәрі-дәрмек тапшылығы қалай шешіледі – әкім қоймаларды аралады

© Sputnik / Медиабанкке өтуТаблетки в руке. Архивное фото
Таблетки в руке. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шілдеден бері тұрақтандыру қорына медициналық өнімдердің 64 түрі мен медициналық бұйымдардың 4 түрі бойынша 45 миллион дәрі-дәрмек жеткізілді

АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Шілдеден бері Алматы қаласының тұрақтандыру қорына ең көп сұранысқа ие 45 миллион дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында хабарлады.

"Жұмыс сапары кезінде қаладағы дәріханаларға берілу үшін тұрақтандыру қорына сатып алынатын медициналық препарат қоймаларындағы жағдаймен таныстым. Тұрақтандыру қорының ең ірі өкілі – "Іңкәр " компаниясы. Оның қоймасында дәрі-дәрмектің 62 түрі бойынша 7,7 миллион препарат бар. Соның ішінде 1,4 миллион  антибиотик, дене қызуын түсіретін, антикоагулянттар мен вирусқа қарсы дәрілердің қоры бар", - деп жазды қала әкімі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Әкімнің айтуынша, шілдеден бері тұрақтандыру қорына медициналық өнімдердің 64 түрі мен медициналық бұйымдардың 4 түрі бойынша 45 миллион дәрі-дәрмек жеткізілді. 

"Бұл – жоспарланған көлемнен 12%-ке артық. Жалпы төмендетілмейтін қор көлемі – 8 миллион бірлік. Медициналық препараттар қаладағы барлық дәріхана желісіне жіберіледі. Бұл шара аурудың ушыққан кезеңінде дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді", - деп жазды Сағынтаев.

Айта кетейік, 2020 жылы "Медсервис Плюс" компаниясы 6 миллион бума паракетамол мен аспирин жеткізді. Минималды қалдық – 1,2 миллион бума.

Сонымен қатар Biola фармацевтикалық компаниясы Алматыға 27 миллион дана медициналық өнім – шприц, инфузиялық жүйе, электронды және сынапты термометрлер алып келді.

 

Жаңалықтар
0