Өңірлер

Тағы бір өңір "қызыл" аймақтан шықты

© Sputnik / Тимур Батыршин Врач снимает защитный костюм после окончания дежурства в больнице с коронавирусом
 Врач снимает защитный костюм после окончания дежурства в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қауіптілігі жоғары аймақта Атырау облысы қалды, соңғы тәулікте өңірде 60 адам инфекция жұқтырғаны белгілі болды

АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шықты.

30 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері бойынша "қызыл" аймақта Атырау облысы ғана қалған.  

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті – соңғы мәлімет 

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары болса, қалған барлық өңір инфекцияның таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.

Айта кетейік, 29 желтоқсанда "қызыл " аймақтан Ақмола және Павлодар облыстары шықты.

Атыраудағы эпидемиологиялық жағдай

Атырау облысы 16 желтоқсаннан бері коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр. Облыстағы науқастардың 60%-і Теңіз кен орнында анықталып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бұл Теңізге келушілер мен ол маңнан кетіп жатқан адамдар арасында скрининг жүргізілуімен байланысты, яғни сынама саны артып келеді.

Алайда Теңіздегі жұмысты тоқтату жоспарланып отырған жоқ.

Жаңалықтар
0