Полицей

ШҚО-да бұрынғы сүйіктісін зорлаған полицей сотталды  

951
Бұрынғы полицейге адам ұрлау, зорлау және бұзақылық баптары бойынша айып тағылды, ал оның қылмысын жасыруға тырысқан әріптестері тергеліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы сүйіктісін зорлаған экс-полицей алты жылға сотталды, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

Оқиға екеуінің қарым-қатынас үзгеніне бір жыл өткеннен кейін болған. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам бұрынғы сүйіктісін дүкенде кездестіріп қалған. Әйелді күштеп көлікке отырғызып, әуежай жаққа алып кеткен. Одан кейін ұрып-соғып, зорлаған.  

"Менің тірі қалуым да екіталай. Өйткені ол жол бойы менің өлгенімді қалайтынын айтып келді, үнемі артымнан аңдып, қорқытып жүретін. Міне, соңы осылай аяқталды", - дейді жәбірленуші.

Прокурорлардың айтуынша, әу баста жергілікті полицейлер өз әріптесінің қылмысын жасыруға тырысқан. Зорланған қыз ауруханаға түссе де, бұрынғы жігіті тыныштық бермей, сес көрсеткен.

"Карантин шараларын пысқырмаған ол формасын киіп, облыстық аурухананың төртінші қабатындағы нейрохирургия бөлімшесіне кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын салған. Содан дәлізге жүгіріп шығып, терезені сындырып, оқиға орнынан ізін суытқан", - дейді прокурор Әсет Мұқышев.

Алайда ол көп ұзамай қолға түсті. Бұрынғы полицейге ұрлау, зорлау және бұзақылық баптары бойынша айып тағылды. Сот оны алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бірақ ол аппеляциялық шағым түсірді. Аппеляциялық алқа сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Ал қылмысты жасыруға тырысқан полицейлер тергеуге алынды.

951
Қар, архивтегі сурет

Қар және жаңбыр: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

124
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағымдарының әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ертең, 18 сәуірде елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстікте қар аралас жаңбыр болжануда. Кейбір облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Жамбыл облысында, күндіз Алматы облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/c дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.

Тағы оқыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, күндіз желдің екпіні 23-28 м/c дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/c дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерді тұман басады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда 18 сәуірде күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 18 градусқа дейін көтеріледі, түнде – плюс бір градус. Жел жоқ.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, оқта-текте жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы плюс 19 градус, түнде плюс 8 градусты көрсетеді.

Шымкентте де күн ашық. Күндіз – плюс 22, түнде – плюс 11 градус.

124
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет
Тақырып бойынша
Көктемде 276 елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖ министрі
Қар аралас жаңбыр: Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Архивтегі сурет

Қазақстанның бес облысында ашқан: полиция ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады видео

1601
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың кураторлары психотроптық заттарды шетелден жеткізу арнасын ұйымдастырған

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысының полиция департаменті мен ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Қазақстанның бес облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ашқан оннан астам адамды ұстады.

Полицейлердің мәліметінше, қылмыстық топтың басшылары шетелде жүр. Алайда бұл оларға Қазақстанның түрлі облысында заңсыз бизнесті жолға қоюға еш кедергі келтірмеген.

"Бұл зертханалардың ұйымдастырушылары Қазақстаннан тыс жерде жүріп, Қазақстан, Ресей, ТМД мен алыс шет елдердің аумағында психотропты заттарды дайындаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрды. Сондай-ақ мессенджерлер арқылы Қазақстан аумағында жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшесін басқарумен және үйлестірумен айналысқан",- деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Айтуынша, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың кураторлары психотроптық заттарды шетелден жеткізу арнасын ұйымдастырған. Оларды  сұйық күйінде, автокөлік майы мен алкогольді ішімдік сияқты көрсетіп, майлы радиаторлар мен өрт сөндіргіштердің ішіне құйып логистикалық фирмалар арқылы тасымалдаған.

Трансұлттық ұйымдасқан топ қатысушыларынан құрғақ және сұйық түрінде 70 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Сонымен қатар есірткі дайындауға пайдаланылатын 3,5 тоннадан аса прекурсор алынды.

Трансұлттық ұйымдасқан топты ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 264-бабы 1 және 2-тармақтары негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер, егер кінәсі дәлелденсе, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу жалғасып жатыр.

1601
Кілт сөздер:
видео, полиция, Қарағанды
Тақырып бойынша
ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады – арнайы операцияның видеосы жарияланды
Қызылордада қылмыстық топты ұстау сәтінің видеосы пайдасы болды
ҰҚК "Боратқа" қатысы бар қылмыстық топты ұстады – видео
Арнайы операция: ҰҚК аса қауіпті қылмыстық топты ұстады – видео