Өңірлер

Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді

CC0 / Free-Photos / Семья
Семья - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2021 жылдың қаңтарынан бастап "Аңсаған сәби" бағдарламасы іске қосылып, ЭКО-ға квота саны 7 есеге ұлғайтылды

АЛМАТЫ, 3 қаңтар – Sputnik. Алматыда "Аңсаған сәби" бағдарламасын іске асыру мақсатында 800 квота бөлінді, деп хабарлайды Spunik Қазақстан.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда "Аңсаған сәби" бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама шеңберінде ЭКО-ға квота саны 7 есеге ұлғайтылды. Өткен жылы 130 квота бөлінген болатын.

ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. ЭКО-ны әйелдің өзі таңдайды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев "Аңсаған сәби" бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді

Айта кетейік, қазірдің өзінде қалада кезек күтіп отырған 700-ге жуық әйел бар, оның 400-ге жуығы 2020 жылы өтініш берген.

ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек, сол жерде тексеруден өткен соң, процедураға жібереді.

Жаңалықтар
0