Өңірлер

Қазақстанда тағы бір қала COVID-19 "сары" аймағына енді

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек в маске идет по заснеженной аллее
Человек в маске идет по заснеженной аллее - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі "қызыл" аймақта Атырау облысы тұрғанын айтқан болатын. Ал "сары" аймақта - Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласы коронавирустың "сары" аймағына енді.

100 мың тұрғынға шаққанда бір аптада вирус жұқтыру және инфекция репродуктивтілігінің біріккен көрсеткіші  бойынша Семей COVID-19 "сары" аймағына кірді, деп жазылған қалалық әкімдік хабарламасында.

"Сондықтан қауіпсіздік шаралары мен гигиенаны сақтап, бетперде тағуды сұраймыз. Адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға тырысыңыз", - деді әкімдік тұрғындарға.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "қызыл" аймақта Атырау облысы тұрғанын айтқан болатын. Ал "сары" аймақта - Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан.

Жаңалықтар
0