Павлодар қаласы

Павлодарда ондаған үй жылусыз қалды: жағдай қалпына келтірілді

14
(Жаңартылды 10:32 08.01.2021)
Желідегі апат салдарынан жиырмаға жуық көп қабатты тұрғын үй және отыздан астам жеке сектордағы үй жылусыз қалды

ПАВЛОДАР, 8 қаңтар — Sputnik. 7 қаңтарда Павлодарда құбыр жарылып, бірнеше үй жылусыз қалды.

Сағат 20:10-да Центральная көшесі бойындағы желілерінде ақау жойылып, жылу беру қайта іске қосылды. Бұл үшін төрт арнайы техника және сегіз адамнан тұратын бригада жұмылдырылды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Это Павлодар, детка 🤷🏼‍♂️ (@pavlo.detka)

Сондай-ақ, қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 20:20-да Назарбаев – Чокин көшелерінің қиылысындағы апат салдары жойылды. Бұл жұмыстар аясында он алты адамнан құралған бригада жұмыс істеп,  төрт арнайы техника қолданылды.

Белгілі болғандай, 7 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-де Центральная көшесіндегі жылу желісінде апат болып, салдарынан 9 көп қабатты тұрғын үй, 31 жеке үй және бес мекеме жылудан ажыратылған. Ал Чокин көшесіндегі желідегі ақау тоғыз көп қабатты тұрғын үй мен жеке сектордағы екі үй жылусыз қалуына әкеп соқты. Күні бойы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу беру қалпына келтірілді.

 

14
Кілт сөздер:
жылу, Павлодар
Тақырып бойынша
- 40 градус аяз: Павлодарда кіреберіс есігі қатып қалды – видео
Павлодарда құбыр жарылып, бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды – видео
Қай қала тұрғындары жылу үшін ең көп ақша төлейді
Көкшетауда жылу беруші кәсіпорын халықтың есебінен заңсыз пайда тапқан
Үй ауласына бірнеше автопатруль жиналды: Павлодарда түсірілген видео желіні дүрліктірді
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1189
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1189
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

136
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

136
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин