Өңірлер

Алматы облысында қой тұрған жерінде қатып қалған – видео

© AP Photo / Peter Byrne / PA Овца на вершине холма в Северном Йоркшире
 Овца на вершине холма в Северном Йоркшире - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желі қолданушылары Жансүгіров ауылында түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр. Бұл жағдай 6 қаңтарда болған

АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматы облысында қойдың далада қатып қалғаны жайлы видео таралып жатыр. Өңірде -30 градусқа дейін аяз болды.

Желі қолданушылары тұрған жерінде қатып қалған қойдың видеосын қызу талқылап жатыр. Автордың айтуынша, бұл жағдай 6 қаңтарда Алматы облысы Жансүгіров ауылында (Ақсу ауданының әкімшілік орталығы) болған.

"2021 жыл, бірінші айдың алтысы (6 қаңтар). Жансүгіровте қой тұрған орнында қатып қалыпты", - дейді ер адам кадр сыртында.

Содан кейін қойды бір теуіп, қарға құлатады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 5 және 6 қаңтарда Алматы облысында ауа температурасы қатты төмендеген. Түнде термометр бағаны -30...-32, ал кейбір ауданда -35 градусқа дейін жетті.  

Жаңалықтар
0