Өңірлер

Оралдағы алаңда жыртылған мемлекеттік ту желбіреді

© Sputnik / Тимур БатыршинПриспущенный государственный флаг Казахстана в день национального траура
Приспущенный государственный флаг Казахстана в день национального траура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Орал қаласындағы Тұңғыш президент алаңы мемлекеттік рәмізсіз қалды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Оралдағы басты алаңда орналасқан Қазақстанның үлкен мемлекеттік туы жыртылды, деп хабарлады "Мой город" порталы.

Бүлінген мемлекеттік рәміздің видеосын қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жариялады.

© Photo : соцсетиОрал алаңындағы жыртылған мемлекеттік ту
Оралдағы алаңда жыртылған мемлекеттік ту желбіреді - Sputnik Қазақстан
Орал алаңындағы жыртылған мемлекеттік ту

Орал қаласының ішкі саясат бөлімі тудың ауа райы жағдайына байланысты – қатты желден жыртылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта ту алынып тасталды, жақын арада Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік туы ілінеді.

Жаңалықтар
0