Өңірлер

Қазақстанда боранға байланысты жолдар жабылды

© Sputnik / В.Чистяков / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Боранға байланысты республиканың бірқатар өңірінде тас жолдар жабылды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) бес облыста барлық автокөлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында:

  • "Көкшетау-Рузаевка" 0-61 км., Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске;
  • "Көкшетау-Омбы" 0-51 км., Көкшетау қаласы – СҚО шекарасына дейінгі учаске;
  • "Нұр-Сұлтан-Петропавл" 304-341 км., Көкшетау қаласы – СҚО шекарасына дейінгі учаске;
  • "Макинск-Ақсу-Торғай" 0-240 км., Макинск қаласы – Торғай ауылына дейінгі учаске;
  • "Нұр-Сұлтан-Петропавл" 18-231 км., Нұр-Сұлтан – Щучинск;
  • "Екатеринбург-Алматы" 1291-1353 км., Жібек жолы ауылы – Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаске;
  • "Нұр-Сұлтан-Қорғалжын" 38-180 км., Ақмол ауылы – Қорғалжын қорығы;
  • "Екатеринбург-Алматы" 1141-1230 км., Новочеркасск ауылы – Талапкер ауылы;
  • "Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау" 32-51 км., Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаске.

Қарағанды облысында:

  • "Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 км., Ақмола облысының шекарасы –Теміртау қаласы;
  • "Екатеринбург-Алматы" 1426-1458 км., Теміртау қаласы – Қарағанды қаласы;
  • "Екатеринбург-Алматы" 1492-1610 км., Қарағанды қаласы – Ақсу-Аюлы ауылы;
  • "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" 17-217 км., Көкпекті ауылы – Қарқаралы қаласы;
  • "Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ботақара" 231-324 км., Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы;
  • "Қызылорда-Павлодар" 1066-1135 км., Молодежный ауылы – Павлодар облысының шекарасы;
  • "Қызылорда-Павлодар" 946-756 км, Қарағанды қаласы – Атасу ауылы;                                              
  • "Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау", 51-266 км, Ақмола облысының шекарасы –Теміртау қаласы;
  • "Жезқазған-Петропавл", 24-252 км., Сәтбаев қаласы – Қостанай облысының шекарасы.

Қостанай облысында: 

  • "Екатеринбург-Алматы" 686-729 км., Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасына дейінгі учаске;
  • "Мамлютка-Қостанай" 180-250 км., СҚО шекарасы – Ұзынкөл ауылына дейінгі учаске.

Павлодар облысында:

  • "Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ботақара" 138-231 км., Баянауыл ауылы –Қарағанды облысының шекарасы;
  • "Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 км, Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауылы.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыт бойынша қозғалыс шектелді.

Дабылды ескерту

Сейсенбі, 12 қаңтар күні Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды.

Тағы оқыңыз: Қазгидромет: желтоқсан айында соңғы 8 жылдағы ең қаһарлы қыс болды

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Атлантикалық циклон әсер етеді. Осыған байланысты қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр болады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, бұрқасындатады, оңтүстік пен оңтүстік-батыста – көктайғақ.

Нұр-Сұлтан қаласында да қар, боран және қатты желге байланысты дабылды ескерту жарияланды.

Жаңалықтар
0