Сәкен Майғазиев

Шымкент басшылығы танымал әншілерді неге қызметке шақырып жатыр

5074
(Жаңартылды 14:28 18.01.2021)
2020 жылдың соңында Сәкен Майғазиев Шымкент мәдениет үйінің директоры міндетін атқарушы болса, жуырда Майра Мұхамедқызы қаладағы опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалды

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желіде Шымкент қаласында бірнеше белгілі өнер қайраткерінің лауазымды қызметке орналасуы қызу талқыланып жатыр. Бірі бұл жаңалықты жақсы қабылдаса, енді бірі "жұлдыздардың" бір жерге шоғырлану себебін біле алмай әлек болды. Sputnik Қазақстан тілшісі Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есеноваға хабарласып, танымал әншілердің қызметке тағайындалуына не себеп болғанын сұрады.

"Туған жерге туыңды тік" демекші, өнер адамдары туған өлкесіне келіп, қызмет етіп жатса, айыбы жоқ деп ойлаймыз. Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев миллион тұрғыны бар шуақты Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін берді. Демек, сол атқа лайық мегаполис дәрежесінде қызмет атқарылуы тиіс", - дейді Есенова.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Сәкен Майғазиев Шымкент мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы болса, Майра Мұхамедқызы қаладағы опера және балет театрының басшысы болды. Кейінірек әнші Ақбота Керімбекованың да мемлекеттік қызметке орналасу үшін дайындалып жатқаны хабарланды.

Басқарма басшысынан болашақта бұл тізімге тағы кімнің қосылуы мүмкін екенін сұрадық.

"Шымкенттегі мәдениет мекемелеріне танымал, беделді режиссерлерді, қоюшы режиссерлерді, мәдениет қайраткерлерін, өнертанушыларды жұмысқа шақыру жоспарда бар", - деп қысқа қайырды Есенова.

 Шымкенттің мәдениет басқармасы басқа өңірден келген өнер адамдарына қандай ұсыныс жасалғанын хабарлады. Сұқбат кезінде үй-жай, қызметтік көлікпен қамтамасыз ету жағы да сөз болды.

"Кез келген мекемеде қызметтік көлікпен қамтамасыз ету жағы қарастырылған. Басты ұсыныс пен жоспар легі мәдениет саласын дамыту, өз үлесін қосу төңірегінде болды", - деп жауап берді ол.

Қала әкімі қандай тапсырма берді

Мәдениет басқармасы басшысының айтуынша, Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаланың дамуына, оның ішінде мәдениет саласының жаңа қарқын алуына баса назар аударып отыр. Тіпті театрдың репертуары да оңтүстік өлкенің тарихынан сыр шертіп тұруы керек.

"Мұрат Дүйсенбекұлы (Әйтенов – Sputnik) қаламыздың даму концепциясына үлкен көңіл бөліп отыр. Көптеген нысан жөндеуден өтіп, жаңа өзгерістер болып жатыр. Мұның барлығы, әрине, халық игілі үшін істеліп жатқан жұмыс. Алайда кез келген жаңа өзгеріс руханиятты дамытуды талап етеді. Осы орайда мәдениет саласын дамытуға да бірқатар тапсырма берілді", - деді Ханзада Есенова.

Қазір тапсырманы орындау мақсатында жұмыс жүріп жатыр. Қаладағы кітапхана, театр, концерттік ұйымдарға ерекше назар аударылған. Театрдағы қойылымның өзі оңтүстік өңірдің ерекшелігін айқындайтын болады. Сондай-ақ, мегаполис тұрғындары үшін әлемдік классика да қойылады, деп толықтырды басқарма басшысы.

"Былтыр Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы статусына ие болды. Алайда панедемияға байланысты жоспарланған іс-шараларды толығымен жүзеге асыра алмадық. Дей тұрғанмен қаладағы 19 мәдениет мекемесі 1 700-ден астам әртүрлі форматтағы іс-шараны онлайн өткізді. Қаламыздың 2 200 жылдық мерейтойын былтыр атап өтуге мүмкіндік болмады. Ел тыныш, жұрт аман болса, осы жылы мерейтойды өткізу жоспарлануда", - деді Есенова.

Сонымен қатар елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, Наурыз мейрамы мен қала күні де дүркіреп өтеді. Негізгі іс-шаралар осы екі күнге жоспарланған. Басқарма басшысының айтуынша, 2021 жылдың қазан-қараша айында ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Шымкент тарихын көрсететін іс-шара өткізу жоспарланған.

Айта кетейік,  бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев отбасымен бірге Шымкентке көшетінін хабарлады. Сонымен қатар Шымкент қаласы мәдениет үйінің директоры қызметіне кірісуіне не себеп болғанын айтып берді.

5074
Архивтегі фото

Вакцина салдырған алматылық ойламаған жерден олжалы болды

275
(Жаңартылды 15:36 19.06.2021)
Алмалы ауданындағы екпе пунктінде "Вакцина сал, сыйлық ұтып ал!" акциясының нәтижесі шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Алматыда вакцина салдырған 62 жастағы тұрғын iPhone12 ұтып алды, деп хабарлады Almaty.tv.

Алмалы ауданына қарасты сауда ойын-сауық орталығына күніне 50 шақты азамат екпе алуға келеді. Солардың ішінде ерікті түрде "Вакцина сал, сыйлық ұтып ал!" акциясына қатысқандар бүгін ойынның нәтижесін білді. Кездейсоқ таңдалған жеңімпаздарға бірқатар сыйлық тағайындалған. Ал бас жүлде iPhone12 смартфонның иегері 62 жастағы қала тұрғыны болды.

"Мамырда бірінші ұтыс ойынын өткіздік. 7 маусымнан бастап екіншісін өткізіп жатырмыз, бас жүлде − iPhone12 телефоны", − деді көпсалалы кешеннің бас директоры Жұмабек Артығалиев.

Айта кетейік, ай басында қаладағы "ЦУМ" сауда үйінде вакцина салдырғандардың арасында 5 жүлде ойнатылды: ІРhonе 12 смартфоны, Samsung Galaxy A02 телефоны, "Starbucks" желісінен, "Wendy's" мейрамханасынан сертификаттар, сондай-ақ кәдесыйлар орталығынан сертификаттар берілді. Бас жүлде ІРhonе 12-ні Дарья Сургутанова есімді тұрғын иеленді.

275
Кілт сөздер:
ұтыс, вакцина
Тақырып бойынша
Алматыда бұрын-соңды болмаған ұтыс өтіп жатыр
Атырау облысының әкімі халық арасында екпені тым аз салдырудың себебін айтты
Коронавирус вакцинадан кейін неге жұғады -  дәрігер түсіндірді
Студенттерге вакцина салдыру міндетті ме – Бекшин жауап берді
Вакцина салдырған алматылық ІРhonе 12 ұтып алды  
Ордабасы клубы

"Масқара": Шымкентте ашынған жанкүйерлердің стадиондағы әрекеті видеоға түсіп қалды

316
Оқиға "Ордабасы" - "Ақтөбе" матчынан кейін болды, бұл кездесуде шымкенттік команда қарсыласынан 0-1 есебімен жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желілерде наразы жанкүйерлердің видеосы тарады. Автордың айтуынша, ролик  "Ордабасы" мен  "Ақтөбе" матчынан кейін түсірілген.

Видео астында жазылғандай, кадрлар Шымкент стадионының маңында түсірілген. Жанкүйерлер "Ордабасы" басшылығынан әңгімелесуге шығуын талап етіп, клуб автобусының жолын бөгеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Спорт Шрёдингера (@sportilinet)

Бұл іске құқық қорғау органдарының араласуына тура келді. Жағдай бейбіт жолмен реттелді: клуб басшылығы наразы жанкүйерлермен сөйлесіп, жақын арада баспасөз мәслихатын өткізуге уәде етті.

"Ордабасы" – "Ақтөбе" матчы 18 маусым кешке Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті. 0:1 есебімен ақтөбелік команда жеңді.

Шымкенттік клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында қолданушылар матчтың нәтижесіне көңілі толмағанын білдірген. "Масқара", "Клубты жабыңдар", "Қарауға бет жоқ", "Шымкент әкімін ақшаны оңды-солды шашқаны үшін отставкаға жіберу керек", "Мұндай хәлде Қазақстан кубогы үшін қалай таласасыңдар?, - деп жазды ашынған фанаттар.

Шымкент қаласының спорт басқармасы жағдайға түсініктеме берді.

"Өкінішке қарай тұрғындардың сүйікті командасы жеңілгенде мұндай жағдайлар болып тұрады. Мұндай әр елде болуы мүмкін, біздің елде де болды. Біздің команда тартысты бәсекеде жеңіліске ұшырады, осыған байланысты жанкүйерлер ашуланып, спортшылардың шығуына кедергі келтірді", - деді Sputnik Қазақстанға басқармадағылар.

Ведомствоның ақпаратынша, қазіргі таңда жағдай реттелді. Футболшылар өзін жақсы сезінеді, келесі жарыстарға дайындалып жатыр.

Футболдан Қазақстан чемпионатының 15 турының қорытындысы бойынша шымкенттік "Ордабасы" 21 ұпаймен алтыншы орында келе жатыр. Клуб 22 маусымда өтетін матчта елордалық "Астанамен" ойнайды.

316
Кілт сөздер:
жанкүйерлер, Ақтөбе, Ордабасы, Шымкент
Тақырып бойынша
Калининградта жанкүйерлер Қазақстан құрамасына тосынсый жасады – видео
Нұр-Сұлтанда жанкүйерлер арасында төбелес болды – видео
Хоккейден Қазақстан құрамасын жанкүйерлер ерекше қошеметпен қарсы алды – видео
Қазақстан өңірлерінде жанкүйерлер стадионға Ashyq арқылы кіргізілуі мүмкін
Лифт, иллюстративті фото

Нұр-Сұлтан полицейлері лифт ішінде түсірілген видеоның кейіпкерін тапты