Өңірлер

Алматы облысында көлігінің ұзақ жөнделгеніне ашуланған жүргізуші қызметкерге оқ атты

© Public DomainТҚКС, гараж
ТҚКС, гараж - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жараланған қызметкерге медициналық көмек көрсетілді, қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында көлігін ұзақ жөндегеніне ашуланған жүргізуші техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкеріне оқ атты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер күдіктіні "ізін суытпай" ұстады. ТҚКС қызметкері мен клиент сөзге келіп қалған.

"Криминалды полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде 51 жастағы күдіктіні ұстады. Жараланған адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу барысында күдікті көлігінің ұзақ уақыт жөнделгеніне ашуланғаны анықталды. Ол қызметкермен жанжалдасып қалып, мылтықтан оқ атқан", - деп мәлімдеді Текелі қаласы полиция бөлімінің басшысы Ұлан Садықов.

Тағы оқыңыз: Алматы орталығында жүргізуші танысына оқ атты

Күдіктіден заттай айғақтар тәркіленді. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы, 24-бабы 3-тармағы, яғни адам өміріне қастандық жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Істің қалған мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Жаңалықтар
0