Өңірлер

"Ондай жағдай болған жоқ": Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Педагог сыбайлас жемқорлыққа барған, мемлекеттің сеніп тапсырылған мүлкін талан-таражға салып, алаяқтық жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар — Sputnik. Шымкентте пара алды деп айыпталған мектеп директоры 8 жылға сотталды.

Келтірілген деректерге қарағанда, педагог жемқорлыққа барған, мемлекеттің сеніп тапсырылған мүлкін талан-таражға салып, алаяқтық жасаған. Басқаларына да сабақ болсын десе керек, сотқа өзге мектеп директорлары да шақырылған, деп хабарлады Астана арнасы.

Істі болған директордың қылмысы дәлелденіп, ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Мектеп директоры бола тұра өзінің қол астындағы қызметкерлерінің қосымша айлығын иемденген. Мысалы мұғалім еңбек демалысына кеткен кезде немесе еңбекке жарамсыздық парағын әкелгенде оның жұмысы басқа қызметкерге жүктеледі. Соның айлығын өзі алған", - дейді Еңбекші аудандық сотының судьясы Аинель Орақбаева.

Еске сала кетейік, мектеп директоры өткен жылы жазда пара алып жатқан жерінен ұсталды. Ол карантин кезінде орнында қалдыру үшін мұғалімнен 135 мың теңге ақша бопсалаған. Сол параның 40 мың теңгесін алу кезінде қолға түсті.

Оқи отырыңыз: Шымкентте "мектеп директоры" істі болды 

Бұрынғы басшы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Айыпталушы сот үкімімен келіспейтінін айтып отыр.

"Әділ шешпеді. Бәрі жалған, арандатушылық. Ондай жағдайлар болған жоқ. Ұжым да, сыбайлас жемқорлыққа қызмет те түймедей нәрсені түйедей қылып отыр. Бәрін істеп отырған өздері", - деді сотталушы Жанат Қалтаева.

Жаңалықтар
0