Өңірлер

Қазақстанның тағы бір өңірі коронавирустың "қызыл" аймағына кірді

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда көшелерінде маска киген адамдар
Елорда көшелерінде маска киген адамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Алматы "сары" аймақта болды, 25 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы Қазақстанның өзі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Дүйсенбі, 25 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласы "қызыл" аймаққа кірді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сүйенсек, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" зонада Қарағанды мен Алматы облыстары. Қалған өңірлер "жасыл" аймаққа кірді.

Бұған дейін Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта болған еді.

Тағы оқыңыз: Маман коронавирустың екі айдан кейінгі салдары қандай болатынын айтты

Айта кетсек, өткен тәулікте 1480 адамда коронавирус диагнозы расталды. Коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0