Өңірлер

Қызылордада мектеп оқушысы көз жұмды

© PhotoРука ребенка, иллюстративное фото
Рука ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала ауырып, денесі бөртіп кеткен. Коронавирусқа тапсырылған тест оның COVID-19 жұқтырмағанын көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар — Sputnik. Қызылордада 4-сынып оқушысы көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері COVID-19 сынамасы теріс нәтиже көрсеткенін айтып отыр. Баланың неден қайтыс болғанын анықтау үшін комиссия құрылды.

"2010 жылы туған ұлдың денесі бөртіп, ауырды. Басында үйде емделді. Дәрігерге барған соң инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Коронавирус сынамасы алынды. Нәтижесі теріс болып шықты. Сондықтан 19 қаңтарда көпбейінді балалар ауруханасына көшірілді", - деді облыстық денсаулық басқармасының жетекшісі Сәбит Пазылов.

Оның айтуынша, республикалық мамандардан консультация алынған. Алайда 24 қаңтарда бала көз жұмды. Негізгі себеп - жүрек пен өкпенің тиісті деңгейде жұмыс істемеуі. 

Баланың неден қайтыс болғанын анықтау үшін комиссия құрылды.

Ол №8 мектептің 4-сыныбында оқыған. Оқу жылы басталғалы қашықтан білім алды.

Жаңалықтар
0