Өңірлер

Мұнайшылар бас көтерді: Ақтөбе облысында не болып жатыр

© AP Photo / Dario Lopez-MillsДобыча нефти, архивное фото
Добыча нефти, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыстың еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторы жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында "КМК Мұнай" компаниясының 200-ге жуық жұмысшысы екі күннен бері жұмысқа шықпады. Олар жалақыны 100 процентке көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстың еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторы Аслан Бахатовтың айтуынша, қазіргі кезде "КМК Мұнай" АҚ-сы мен компанияның директорлар кеңесі осы мәселені пысықтап жатыр. Кеше басшылық мұнайшылардың жалақысын 20 процентке көтеруге келіскен.

"Бірақ мұнайшылар оған келіспей отыр. 100 процентке көтерсін дейді. Қазір олардың орташа жалақысы 200 мың теңгенің төңірегінде. Енді, 100 процентке көтерсін деп жатыр ғой. Сонда 400 мың теңгенің көлеміндегі жалақыны талап етіп отыр. Біз осы мәселені жіті бақылауда ұстап отырмыз", - деді Бахатов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Оның сөзіне қарағанда, мұнайшылардың барлығы - вахтамен келіп жүрген жұмысшылар. Олар екі бригадамен ауысып жұмыс істейді. 

Айта кетейік, бүгін мұнайшылар аштық жариялады деген ақпарат шыға бастады. Олар облыс басшысының келгенін қалайды. Ал Ақтөбе облыстық әкімідігі түстен кейін ресми ақпарат береміз дейді.

"КМК Мұнай" АҚ ресми сайтында компанияның екі ірі акционері көрсетілген. Олар - "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ және Yukon Energy Holding S.A. Компания президенті -  Wang Jinbao (Ван Цзиньбао). Ал директорлар кеңесінің төрағасы - Вэй Юйсян (Wei Yuxiang).

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде шахтада қаза тапқандардың әріптестері трагедия қалай болғанын айтты

Жаңалықтар
0