Өңірлер

Шығыс Қазақстанда қаңғыбас иттер үш жасар баланы қауып ала жаздады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуТордағы ит
Тордағы ит - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшыларының айтуынша, екі ит аула ішінде баланы қоршап, жолын бөгеген. Ал бұл кезде бүлдіршіннің ата-анасы жұмыста болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында құқық қорғау органдарының қызметкерлері үш жасар баланы қаңғыбас иттердің талауынан аман алып қалды, деп хабарлады жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баланың әкесі Евгений Силантьев әйелі екеуі жұмыста болған. Ал үш және сегіз жастағы ұлын ата-әжесінің қарауына қалдырған.

Оқи отырыңыз: Ит өмірден озған иесін 11 жыл бойы жолда күтіп отыр – видео

Балалар далада ойнап жүріп, байқаусызда үй ауласынан шығып кеткен. Үлкен ұлы шана алып шығу үшін үйге оралып, бауырын бірнеше минутқа жалғыз қалдырған.

Ол аулаға жеткенде інісінің жылаған дауысы мен иттердің үргенін естіген. Анықталғандай, екі үлкен төбет баланың жолын бөгеп тұрған.

Дәл осы сәтте сол маңайдан өтіп бара жатқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері баланы иттердің қоршап алғанын көрген.

"Біз кезекшіліктен қайтып келе жатқанбыз. Иттердің балаға қарай қауып жатқанын көрдік. Әрине, біз тез арада сол жаққа бет алып, қатты сигнал беру арқылы иттерді қуып жібердік. Досымның үйі боландықтан, балаларды бірден таныдым. Балалардың біршама қорқып қалғаны болмас, қатты зардап шеккен жоқ", – дейді полицей Ринат Халиуллин.

Аталған факті бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тиісті шаралар қабылдады. Ал балалардың ата-анасы полицейлерге алғыс білдірді.

Жаңалықтар
0