жаңа туған сәби

Атырау облысында 35 жастағы әйел cәбиін қоқысқа тастаған оқиғаның мән-жайы

8917
Дәрігерлердің айтуынша, бұл оқиға әйелге медициналық көмек керек болған кезде ғана белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында елдің жағасын ұстатқан оқиға болды: 35 жастағы әйел өзінің жүкті екенін жасырып, ал босанған соң сәбиді қоқыс жәшігіне тастаған.

"Прикаспийская коммуна" өңірлік газетінің хабарлауынша, бұл оқиғаны денсаулық сақтау басқармасы растады.

Аудандық дәрігерлердің айтуынша, әйел амбулаторлық есепке тұрмаған және айы-күні жеткенше ешкімге тіс жармаған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құдаманова әйелдің жағдайы нашарлаған соң ғана жедел жәрдем шақырғанын айтты.

35 жастағы әйел әуелі босанғанын мойындамаған, ол аборт жасағанын, сондықтан қан кетіп   жатыр деп түсіндірген.

"Жүкті әйел амбулаторлық есепке тұрмаған. Ол өзінің аяғы ауыр екенін жасырып, учаскелік дәрігерге көрінбеген. Аудандық медициналық ұйымдардың акушер-гинекологтары пандемияға байланысты жүкті әйелдермен онлайн форматында жұмыс істейді", - деді Айгүл Құдаманова.

Бұған дейін өңірлік БАҚ әйелдің тұрмыста және төрт баласы бар екенін хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта Қызылқоға аудынанда 434 жүкті әйел есепте тұр. Жыл басынан бері 44 нәресте дүниеге келген. Олардың барлығына жалғыз емханада медициналық жәрдем көрсетіледі.

8917
Кілт сөздер:
сәби, Атырау облысы
Науқас, аурухана

Талғарда соққыға жығылған дәрігер әлі бір апта емделеді

42
Медицина қызметкерінің жағдайы орташа ауыр. Ол стационарлық емнен бөлек 3-5 апта бойы оңалтудан өтуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз — Sputnik. Талғарда қызметтік міндетін атқару кезінде хирургты соққыға жығып, балағаттаған. Бұл жөнінде Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Оқиға 28 ақпан күні Талғар аудандық ауруханасына аппендицит диагнозымен науқас әйелді жеткізу кезінде болған. Науқастың ұлы дәрігермен сөзге келіп, соққыға жыққан. Оқиға салдарынан зардап шеккен дәрігер жабық бассүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуымен травматология бөлімшесіне жеткізілді. Осы факті бойынша шақыру алған полиция қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр. Оқиға құқық қорғау органдарының бақылауында тұр.

Видео желіде жарияланып, қызу талқыланды.

"Емдеуші дәрігердің айтуына қарағанда, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр. Ол 5-7 күн стационарлық ем қабылдайды", - деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Өз кезегінде, облыстық полиция сот-медициналық сараптама тағайындалғаны туралы хабарлады.

"Іс бақылауда, оқиғаға қатысы бар азаматтар анықталды. Соңғы процестік шешім сараптама нәтижесі бойынша қабылданады", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Медицина қызметкерлері өз әріптестерінің оңалу уақыты оның жағдайына қарай үш аптадан бес аптаға дейін созылуы мүмкін екенін айтты.

42
Кілт сөздер:
дәрігер, соққыға жықты, Талғар
Тақырып бойынша
100 мың теңге ұсынды: Павлодарда екі баланың әкесі дәрігерді зорлап тастады
Ақтөбе соты дәрігерді аяусыз пышақтаған жігітті ақыл-есі кем деп танып, босатып жіберді
"Балаларымды ол асырай ма?": дәрігерді зорлаған такси жүргізуші сотта байбалам салды
Тоқаев бірнеше дәрігерді қайтыс болғаннан кейін марапаттады
Тоңазытқыштағы бала өлімі: прокурор бас дәрігерді 20 жылға соттауды сұрады
Медицина қызметкері

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылады

26
Ескерткіш Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы алеяда ашылады. Ол жерге 20 қарағай көшеті отырғызылды

АЛМАТЫ, 1 наурыз – Sputnik. Алматыда коронавируспен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш қойылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ескерткіш қойылатын жерге тас орнату шарасына қатысты. Қала әкімі Instagram парақшасында ескерткіштің барлық медицина қызметкеріне көрсетілген құрмет екенін атап өтті.

"Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен бірге дәрігерлерге арналған ескерткіштің негізіне тас орнаттық. Ескерткіш коронавирус пандемиясымен күрескен барлық медицина қызметкеріне көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісі. Сондай-ақ, олардың құрметіне қарағай аллеясы отырғызылды", - деп жазды қала әкімі.

Ескерткіш Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы алеяда ашылады. Ол жерге 20 қарағай көшеті отырғызылды.

Салтанатты рәсімде ескерткіштің орнатылуына Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Алматы қаласы ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов, ақын Ақберен Елгезек, №7 қалалық клиникалық аурухана дәрігері Жадыра Шерияздан қолдау білдірді.

26
Кілт сөздер:
ескерткіш, дәрігер, коронавирус, Алматы
Тақырып бойынша
"Олар үшін мен ұялдым": елордалық медбике изолятордағы "өмір" туралы айтып берді
Карантинді толығымен қай кезде алып тастайды - бас санитар дәрігер жауап берді
Коронавирус кейбір адамдарға жұқпайды – дәрігерлер үш себебін атады
Бас санитар дәрігер мен вице-министр "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын алды
"Өзімді жақсы сезініп тұрмын": бас санитар дәрігер мен вице-министр вакцина салдырды
ЕуроОдақ туы

Еуропада вакциналау сертификаты енгізіледі

0
Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек. Алайда, Ресей мен Қытай вакцинасына қатысты қиындықтар бар

ЕО дипломатиялық ведомстволары басшыларының селекторлық кеңесінің қорытындысы бойынша сөз сөйлеген фрау канцлерин Ангела Меркель вакциналау сертификатын енгізу қажеттілігі туралы келіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай сертификаты жоқ азаматтарға ЕО аумағына кіруге тыйым салынады.

Әзірше тек сөз жүзінде келісім бар. Жоба шамамен үш айдан кейін талқылауға ұсынылады, деп хабарлайды РИА Новости.

Негізгі мәселе – вакциналауға қарсы көрсетілімі бар адамдардың жайы не болмақ? Уақытша қарсы көрсетілімдер жайы түсінікті. Мысалы, жақында ғана коронавирусты инфекциямен ауырып шыққан болса. Мұндай жағдайда біршама уақыт өтуін күтіп, содан кейін ғана екпе салғызу керек болады. Алайда, созылмалы ауруы бар адамдар ше?

Іс мұнымен де бітіп тұрған жоқ. Қазір әлемде вакцина көп. Оның саны арта түсетіні анық. Сонда ЕО серификатын алу құқығы нақты қай препараттарға беріледі?

Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек.

Бірақ, ресейлік ("Спутник V" және "ЭпиВакКорона") және қытай (Sinovac Biotech, CanSino Biologics, CNBG — Sinopharm) вакциналарына қатысты біршама қиындық туындайтын секілді. Олар өте жоғары деңгейде тиімді әрііаурудың жалғыз емі болса да, брюссеельдік бақылау органдарымен мақұлданбаған. Сондықтан, осы екі елдің препаратын салғызған азаматтар шекарадан асуы үшін қажетті сертификатқа қол жеткізбеулері ықтимал.

Осы тұста вакцинаның әлемдегі адамдарға тиімділігі емес, оның саяси маңызы жоғары тұрғаны анық. Ал, жаһандық мәселеге саясат араласқан кезде, оның ақыры ешқашан жақсылыққа алып келмеген. Осы сияқты жағдай "Солтүстік ағын – 2" жобасының төңірегінде де белең алып жатыр. Вакцинасы альянс аумағында мойындалмаған елді дәл осы вакцина арқылы қыспаққа алу мүмкін болса, ЕО мұны қалт жібермеуге бел буды.

Жақында ғана Еурокомиссия басшысы Усула фон дер Ляйеннің мәлімдемесі де осыған сәйкес келеді: "Ресейдің кокронавирусқа қарсы вакциналау стратегиясы ақылға қонымсыз. Басқа елдерге вакцинаның миллиондаған дозасын ұсынып отырған Ресей неге өз халқын екпемен толық қамтамасыз ете алмай отыр? Неге өз тұрғындарын вакциналауда тиісті ілгерілеу жоқ? Бұл сұраққа жауап беру керек".

Тиісті ілгерілеу деп нені меңзеп тұрғаны белгісіз. Оның үстіне, ілгерілеу мүлде байқалмайтын Еуропа бұл жайында сөз қозғауы қаншалықты орынды? Әйтпесе, Венгрия "Спутник" вакцинасын сатып алмас еді. Чехия, Австрия, Италия да осы ойда болмас еді.

Сол себепті, елге кіру визасына рұқсатнама ретінде қай вакциналар айқындалатыны туралы дау әлі талай ақиқаттың бетін ашатын секілді.

0