Өңірлер

Қазақстанның бір өңірінде оқушылар мен студенттер дәстүрлі оқу форматына көшті

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаГлава государства посетил новую школу
Глава государства посетил новую школу - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Атырау облысы бас санитар дәрігерінің 21 қаңтардағы қаулысына енгізілген толықтырулар бірінші ақпаннан күшіне енді

АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Атырау облысында бірінші ақпаннан бастап оқушы саны 300-ге дейін жететін мектептер дәстүрлі форматта оқиды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың қаулысында жазылған.

Құжатқа сәйкес, облыстағы оқушы саны 300-ге дейінгі мектептер дәстүрлі форматқа көшеді, сыныптарда бала саны 15 оқушыдан аспауы тиіс.

Жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-5 сынып оқушылары, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушылар ата-ананың өтініші бойынша оқиды. Оқушы саны 15 баладан аспау талабы сақталады.

Сонымен қатар сабақтан тыс уақытта бес адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады. Бітіруші сыныптар (9, 11, 12 сыныптар) аптаның 6 күні аралас форматта оқиды. Пәндердің 70%-і штаттық режимде, 30%-і қашықтан оқытылады.

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының (колледждер) 1-курс студенттері мен жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері штаттық режимде білім алады.

Айта кетейік, қазір Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұр.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин талаптары күшейтілмейді

Жаңалықтар
0