Өңірлер

Қарағандыда қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ұрланған көліктерді тапты, заттай айғақтар алынды

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қарағандыда тәртіп сақшылары бірнеше көлік ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 16 желтоқсанында Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне белгісіз біреулердің көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан "Nissan" автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Жол жиегінде тұрған көлік, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2021
Өңірлер
ШҚО-да таксист көліктен секіріп кетті – полиция оқиғаның мән-жайын анықтады
Аталған факт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан басқа 30 қаңтарда Теміртауда белгісіз біреулер "ВАЗ" автокөлігін ұрлап кеткен. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері мен Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұрланған көліктерді тапты.

Көлікте Қарағанды қаласының 26 және 28 жастағы тұрғындары болды. Олардан заттай айғақтар алынды. Полиция күдіктілердің осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Жаңалықтар
0