Өңірлер

Атырауда көліктің алдынан жүгіріп шыққан жаяу жүргінші видеоға түсіп қалды

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Жазылу
Видеодан қала көшелерінің бірінде ер адамның күтпеген жерден жолдан өтіп бара жатқан көлікке қарай жүгіргені анық көрінеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Атырауда жаяу жүргінші көліктің алдынан жүгіріп шығып, жол-көлік оқиғасына себепкер болды.       

Болған жағдай сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТЫРАУ|ATYRAU 🏢 (@atyrau_video)

Видеодан қала көшелерінің бірінде ер адамның күтпеген жерден жолдан өтіп бара жатқан көлікке қарай жүгіргені анық көрінеді. Жүргізуші кілт тоқтайды, бірақ жаяу жүргіншіні қағып жібереді. Бақытына орай, ауыр жарақат алған жоқ.  

Алматыда такси ұстап тұрған екі қыз бен жігітті көлік қағып кетті

"Ақ Жайықтың" хабарлауынша, полиция жаяу жүргіншінің кім екенін анықтаған.  

"Ол Құрманғазы ауданының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл факт бойынша оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы ("Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін бұзуы") бойынша хаттама жасалып, 2 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп атап өтті облыстық полиция департаменті.   

 

Жаңалықтар
0