Қорғаныш костюмін киген дәрігерлер

Павлодар облысы "қызыл" аймақта тұр: карантинге қатысты шешім қабылданды

179
Облыс коронавирус инфекциясымен ауырған науқастар саны жағынан көш бастап тұр, өткен тәулікте індетке шалдыққан 225 науқас тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында карантиндік шектеулер бір аптаға, 15 ақпанға дейін ұзартылды. Бұл туралы өңірдің санитарлық ведомствосы хабарлады.

Облыс "қызыл" аймақта тұрғандықтан, осындай шешім қабылданған.

Соңғы уақытта өңірде науқастардың тәуліктік өсімі аздап төмендегені байқалды, алайда мамандар эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ күрделі деп отыр.

Мәселен, 22-28 қаңтар аралығында өңірде 1 596 адам коронавирус жұқтырған.

2021 жылдың 5 ақпанындағы жағдай бойынша облыста бір тәулікте індетке шалдыққан 225 адам тіркелді.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, демалыс күндерінде локдаун, сондай-ақ, шектеу шараларының орындалуын ерекше бақылау сақталады.

Тағы оқыңыз: Шымкентте карантин ұзартылды

Сонымен қатар, облысаралық, облысішілік, қалааралық ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалына сол күйі тыйым салынады. Барлық сауда орны, қоғамдық көлік, такси, өнеркәсіп аймақтары, кіреберістер, лифт кабиналары мен ұйымдарда санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу күшейтіледі.

65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруы шектеледі, сондай-ақ, үй карантинін сақтау және үйде медициналық бақылау жүргізуді қадағалау күшейтіледі. Бұдан бөлек, учаскелік қызметтер отбасылық, ұжымдық шаралар өткізгендерді анықтау жұмысын жалғастырады.

Жаңа қаулы 2021 жылдың 8 ақпаны сағат 00.00-де күшіне енеді, делінген облыстық санитарлық ведомствоның баспасөз хабарламасында.

179
Кілт сөздер:
карантин, Павлодар облысы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (761)
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда карантин талабы өзгерді – жаңа қаулы шықты
Алматыда карантин талаптары күшейтілмейді
Қаруланған адам

Байқоңырға қаруланған адамдар кірмек болды

1024
Үш ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалғаннан кейін ұсталды, олардан тапанша мен шолақ мылтықтар табылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Байқоңырда қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сақтаған күдіктілер ұсталды. Қалалық әкімшіліктің қауіпсіздік және режим басқармасының ақпаратынша, полиция қалаға кірмек болған қаруланған топтың жолын кесті.

"Байқоңыр" кешеніндегі Ресей ІІМБ кезекшілік бөліміне "БайконурСвязьИнформ" МУК бейнебақылау бөлімінің технигінен хабарлама түсті. Мониторинг барысында Ақай ауылдық округі жағынан қару-жараққа ұқсас заты бар бір топ адам көрінген,- деді Sputnik Қазақстанға қауіпсіздік және режим басқармасынан.  – Қалаға кірген адамдар жетінші шағын ауданына қарай бет алған, автокөлікке отырып, белгісіз бағытта кетіп қалған".

Полиция жедел іздестіру шараларын бастады, автокөлік те, видеоға түсіп қалған үш азамат та табылды.

"Ұсталғандардан 4 патрон және тегіс ұңғылы шолақ мылтық тәркіленді. Сонымен қатар, автокөлік жанынан қосауыз шолақ мылтық, маркасы белгісіз травматикалық тапанша мен 5 оқ табылды", - деді басқармадан.

Қаруланған топтан тәркіленген оқ-дәрі атуға арналған.

Ресей ІІМБ анықтау бөлімі Ресей Қылмыстық кодексінің 222-бабында (Қаруды, оның негізгі бөліктері мен оқ-дәріні заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе өзімен бірге ұстау) көзделген қымыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп мәлімдеді басқармадан.

Еске салсақ, Ресей Қазақстаннан Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алған.

1024
Кілт сөздер:
қару-жарақ, Байқоңыр
Бұрқасын, адамдар жолдан өтіп барады

Қазақстанның 12 өңірінде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

2221
Елдің бірқатар облысында дабылды ескерту жариялауға тұман, бұрқасын және көктайғақ себеп болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында көктайғақ, жаңбыр және бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.

Дабылды ескерту

Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.

Түркістан облысында қалың тұман түседі.

Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.

Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.

Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.

Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.

Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.

Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.

2221
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, Қазгидромет, ауа райы болжамы
Гүл дүкені

Қазақстанда 8 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 8 – 9 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

8 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – Халықаралық әйелдер күні "Астана Опера" Үлкен залының сахнасында Чайковскийдің "Аққу көлі" балеті көрерменге жол тартады. Қосымша ақпараттар үшін: тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19); e-mail: astanaopera@gmail.com

Алматы

19.30 – "Солнцестояние" спектаклі ("Трансформация" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

20.00 – "Игроки" ойыны (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

9 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

9-10 наурыз – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Застың Қазақстанға сапары, ол қорғаныс және сыртқы істер министрлерімен, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездеседі. ҰҚШҰ бас хатшысын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деп жоспарлануда.

16.00 – Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің құрметіне арналған көрменің ашылу салтанаты. Шара адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына орай өтеді. Көрмеде көрнекті тұлғаның өміріндегі маңызды оқиғалар туралы баяндалады. Ұйымдастырушылар: Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі және Мәскеу космонавтика мұражайы. "Наш Гагарин" көрмесінің ашылу салтанатына Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпанов, Қырғызстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Матвеев, Қазақстандағы Россотрудничество кеңсесінің жетекшісі Алексей Короченко қатысады. Байланыс нөмірлері: +7 701 054 7177 (Ольга Скальчук), + 7 701 261 3964 (Евгений Лумпов). Өтетін орны: Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы (Кенесары к-сі, 39).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0