НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қарағанды қаласының білім бөлімі дүйсенбі, 8 ақпанда оқушылар қалай оқитынын түсіндірді.
"Сегізінші ақпанда мектептерде сабақ тоқтатылмайды. Бірақ ата-аналар қолайсыз ауа райына байланысты мектептің алыстығын ескеріп, баланы мектепке жіберіп-жібермеуді өздері шешеді. Өз шешімі туралы сынып жетекшісіне ескертуі қажет", - делінген білім бөлімінің хабарламасында.Бүгін Қарағандыда күні бойы қар аралас жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін күшейеді. Таңертең және күндіз жолдарда – көктайғақ.
Облыста тас жолдар жабылды.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Жылу электр станциясындағы апатқа байланысты жылу беру тоқтатылған Теміртау қаласының әкімдігі жұма күні жағдай қалыпқа келетіндігін мәлімдеді.
Бейсенбі күні Теміртау қаласының тұрғындары ЖЭО-2-дегі жөндеу жұмыстарына байланысты жылусыз қалған болатын. Қала әкімі Қайрат Бегімов "АрселорМиттал Теміртау" ЖЭО-2 қазандығындағы жағдайды түсіндіріп, қала тұрғындарынан кешірім сұраған.
Сонымен қатар, ол тұтынушылар үшін жылуға ақы төлеу мәселесі қайта есептелетінін ескертті.
"Сағат 07.00-дегі жағдай бойынша ЖЭО-2-дегі 3 қазандық жұмыс істеп тұр, екеуінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазандықтар сағат 11.00 мен 13.00 аралығында іске қосылады. Жалпы қаладағы температуралық режим сағат 13.00-ге дейін қалпына келтіріледі", – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Теміртауда бейсенбіде күні ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетті. Ал жұма күні қалада -27 градус аяз болды.
Оқи отырыңыз: Павлодарда құбыр жарылып, бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды – видео
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалалық білім басқармасы 0-11 сынып оқушылары үшін қашықтықтан форматта сабақ өтетіндігін хабарлады.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Тәжікстан азаматтарын алдап кеткен Сарыағаш ауданының тұрғыны төрт жарым жылға түрмеге тоғытылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан AstanaTV арнасына сілтеме жасап.
Былтыр күзде Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне Тәжікстан Республикасының бір топ азаматтары арызданған. Олар карантин күшейтілген кезде "Қапланбек" шекара бекетіне жақын үйдің иесімен келісіп, ауласына 9 автокөлікті қалдырып кеткен. Ал бір айда кейін қайтып барғанда үй иесін де, көліктерін де таппай қалды. Сөйтсе, Сарыағаш ауданының 31 жастағы тұрғыны көлік құралдарын сатып, 11 миллион теңгеге байыған.
"Тергеу барысында тергеушілердің анықтағанындай 31 жастағы тұрғын шетел азаматтарының көліктерінің алтауын Шымкент қаласындағы базарлардың бірінде сатып жіберген. Ал қалған үшеуін Сарыағаш ауданында бөлшектеп сатып жіберген. Заңды иелеріне автокөліктер қайтарылды", – дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Пысықай "кәсіпкер" көліктерді сатқаннан кейін туысының үйінде жасырынып жүрген. Бірақ полицейлер оны тауып алды. Оның бұған дейін алаяқтық әрекеті үшін сотталғаны белгілі болды. Енді сот үкімімен тағы түрмеге тоғытылды. Бұл жолы ол төрт жарым жылын түзеу мекемесінде өткізеді.
Оқи отырыңыз: Полицейлер Сарыағаш саунасында сұмдық істің үстінен түсті
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Санитарлық рейс орындайтын "Азия Континенталь" компаниясының Ан-2 ұшағы Алматы облысындағы Боралдай тас жолынан шығысқа қарай бір жарым шақырым қашықта шұғыл қонуға мәбүр болды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
"Ұшақ бортында бес адам болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.
Ақпаратта төтенше жағдай бүгін сағат 12:30-да болғанын атап өткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тергеу шараларын индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің әуе кемелері апаты мен оқиғаларды тергеу басқармасы жүргізеді.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 8 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында болған. Өскемен – Зайсан бағытында санитарлық рейс орындайтын Ан-2 ұшағы шұғыл қонған.
Оқи отырыңыз: Жолаушы ұшақ қозғалтқышы өртенген сәтті видеоға түсіріп алды
Зайсан қаласындағы науқасқа көмек көрсету үшін ұшып шыққан ұшақ бортында үш экипаж мүшесі мен екі медициналық қызметкері болған.
Кейіннен ұшақтың қайта көкке көтерілгені хабарланған.