Автокөліктер

Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты жедел штаб құрылды

2561
(Жаңартылды 10:35 08.02.2021)
Жабылған жол учаскелерінің барлығында төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, полиция мен жол қызметінің өкілдерінен тұратын бекеттер қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан — Sputnik. Ауа райының бұзылуына байланысты ТЖМ жағдаяттық орталығында шұғыл әрекет ету және ведомствоаралық әрекеттестікті ұйымдастыру мақсатында республикалық жедел штаб құрылды.

"Штаб республикалық азаматтық қорғаныс қызметтерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатыр", - деді Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды – дүйсенбіде ауа райы қандай болады

Жабылған тас жол учаскелеріне төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, полиция мен жол қызметінің өкілдерінен тұратын бекеттер қойылды. Автомобиль жолдарына жақын орналасқан аумақтан жылыну орындары жабдықталды.

"Техниканың жиналуына қарай автокөліктер колоннасы полиция және жол қызметкерлерінің ілесе жүруімен жолға шығып жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Ауа райы жақсарғаннан кейін көрсетілген автомобиль жолдарындағы шектеуді алу туралы мәселе жедел шешіледі.

Айта кету керек, бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтан – Щучинск тас жолында көлік кептелісі болды: елордадан Щучинск қаласына қарай шамамен 300 автокөлік, Щучинсктен Нұр-Сұлтанға қарай 500-ге жуық автомашина арнайы қызметтің ілесуімен жеткізілді.

2561
Кілт сөздер:
ауа райы
Тақырып бойынша
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
Ақпанда бірнеше рет күн жылынады: синоптиктер бір айға болжам жасады
Қарағандыда оқушылар дүйсенбі сабаққа бармауы мүмкін
Алматы көрінісі

Төтенше жағдайлар министрі алматылықтарға ескерту жасады

5110
(Жаңартылды 13:03 02.03.2021)
Ильин енгізілетін шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұрады. Себебі құрылыс жұмыстарының нәтижесінде Алматы қаласының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үлкен Алматы шатқалында шектеу шараларының енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл біз екі сел тоқтату бөгетін салуға кірістік. Біреуі – Аюсай шатқалында, екіншісі – Ақсай шатқалында. Жақында ғана сол жаққа жұмыс сапары ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – басталып кеткен жұмыстарды бақылау. Осы орайда Алматы тұрғындарына және туристерге қауіпсіздікті сақтау мақсатында Үлкен Алматы шатқалына баруға бірқатар шектеу енгізілетінін ескерткіміз келеді", - деді Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Алматы қаласына қауіп төніп тұрған жоқ.

"Сел түсу кезеңі шілде-қыркүйек аралығында болады. Сол кезде біздің мамандарымыз таудағы көлдердің деңгейін бақылап, суды түсіру шараларын жүргізеді", - деді Ильин.

Осы орайда министр Үлкен Алматы шатқалында енгізілетін шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұрады. Себебі құрылыс жұмыстарының нәтижесінде Алматы қаласының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

5110
Кілт сөздер:
министр, Алматы, төтенше жағдай
Тақырып бойынша
Алматыда бес баласы бар отбасы қоғамдық моншада уланды
Астанада мешіт құрылысы кезінде төтенше оқиға болды – видео
Жезқазғанда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланады
Дәретханаға сұранған: Алматыда ер адам тергеу изоляторынан қалай қашып кетті
Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылады
Полицей, құжат

Түсінен шошып оянған павлодарлық полицияны әбігерге салды

701
(Жаңартылды 13:04 02.03.2021)
Павлодар қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, әйелін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтқан

АЛМАТЫ, 2 наурыз – Sputnik. Павлодарлық мас күйінде полицияға хабарласып, әйелін ұрлап кеткенін мәлімдеді. Ал әйел ол уақытта жұмыста болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, Павлодар қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларына хабарласып, әйелін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтты. Оның сөзінше, бәз біреулер хабарласып, төлем талап еткен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері ешқандай адам ұрлау әрекеті болмағанын анықтады.

Әйелі таңертең жұмысқа кеткен, күні бойы жұмыста болған. Күйеуі біраз ішімдік ішкеннен кейін оянып, әйелін таппай, полицияға қоңырау шалған.

"Түсімде көрген сияқтымын", - деді павлодарлық полиция қызметкерлеріне.

Айта кетейік, Павлодар қаласы бойынша полицияға күн сайын 300-500 қоңырау түседі.

701
Архивтегі фото

Мусин "Роскосмос" басшысымен кездесті

0
Тараптар жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша ынтымақтастық байланыстарын дамыту мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу кезінде жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша ынтымақтастық байланыстарын дамыту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресейдің жерді қашықтан зондтау жерсеріктері топтамаларын әзірлеу жөніндегі бірлескен жоспарлар, сондай-ақ, жедел мәлімет алмасу бойынша сервистерді біріктіру жайы сөз болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан премьері мен "Роскосмос" басшысы "Бәйтерек" зымыран кешенін құру жайын талқылады 

Бұдан бөлек, тараптар қазақстандық және ресейлік жерсеріктер өндірушілерінің өнеркәсіптік кооперациясы дамыту, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау кешенінің жұмысын арттыру мәселелері талқыға салынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін одан әрі жан-жақты пысықтауға келісті.

0