Смартфон ұстап тұрған адамдар

Алматы облысының тұрғындары түнде құтқарушыларға қоңырау шалуға мәжбүр болды

924
(Жаңартылды 13:41 09.02.2021)
Қазір елді мекендерде арықтарды тереңдету, бөгет салу және еріген қар суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Алматы облысының үш ауылында жауын-шашын мен қардың еруінен жер үйлердің аулаларын су басты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

ТЖ туралы хабарлама 8 ақпан түнде келіп түсті.

Алматы облысы Ескелді ауданының Ешкіөлмес және А.Алдабергенов ауылдарында, сондай-ақ Көксу ауданының Талапты ауылында 40 жер үйдің ауласы су астында қалған.

ТЖМ мәліметінше, бұған ауа температурасының көтерілуі, жауын-шашын және қардың еруі себеп.

"Облыстық ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Ешкіөлмес ауылында оқиға орнынан 10 адамды эвакуациялап, орта мектепке орналастырды. Мотопомпалардың көмегімен су сорылды. Жедел штаб құрылып, қауырт желі іске қосылды", - деді Уәли.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 276 елді мекенге судан қауіп төніп тұр

Қазір елді мекендерде арықтарды тереңдету, үйінді бөгет салу және еріген қар суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Су басқан ауылдарда барлығы Алматы облысы ТЖ департаментінен 67 қызметкер, 15 бірлік техника, 18 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 28 қызметкер, 5 бірлік техника және 5 бірлік мотопомпа, АПБ 7 қызметкер, 3 бірлік техника жұмылдырылды. 

Министрлік азаматтардан су тасқыны қаупі бар кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауды, аула аумағына іргелес арық желілерін қар мен қоқыстан уақытылы тазартуды сұрайды.

Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны –  101 немесе 112.

924
Кілт сөздер:
аулалар, су тасқыны, Алматы облысы
Жол апатынан үш адам қаза болды

Атырау облысында жеңіл көлік пен автобустың соқтығысуынан үш адам қаза болды

79
"Жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады  

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Атырау облысында жол апатынан үш адам көз жұмды.

"Ақ Жайық" сайтының хабарлауынша, жол апаты жұма күні, 18 маусымда күндіз болған. Күндізгі сағат төрт шамасында Доссор-Құлсары тасжолында Toyota Camry жолаушылар автобусымен соқтығысқан.  

Салдарынан үш адам сол жерде көз жұмды, тағы екеуі түрлі жарақатпен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.

Жергілікті полицияның мәліметінше, 345-бап "Жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша тергеу басталды. Айта кетейік, бұл баптың төртінші бөлігіне сәйкес кінәлі адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

79
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев

Шөкеев неліктен "Керуен сарайдың" құрылысына пенопласт қолданылғанын түсіндірді

987
(Жаңартылды 19:19 19.06.2021)
"Керуен сарай" арматурадан, темірбетоннан салынған, ал пенопласт - қарапайым әрлеу материалы, деп атап өтті Шөкеев. Ол блогердің жазбасы құрылыс компаниясының беделіне нұқсан келтірді деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев "Керуен сарай" жаңа туристік кешені құрылысының сапасын сынға алған блогердің сөзіне ашуланды.

"Кейде қайран боласың, кейбір блогерлер кішкентай бала сияқты, бір нәрсені көрсе, оны бірден жан жаққа таратып жебереді, сонымен бірге жұқалап айтқанда, біліксіздігін көрсетіп қояды", - деді Шүкеев сенбідегі баспасөз конференциясында.

Ол "Керуен сарайдың" ұзындығы бір шақырымға жуық екенін айтты.  

"Мен мұнда күн сайын жүрдім, ол тұтас темірбетоннан, арматурадан тұрады. Өңірде сейсмикалық қауіп төмен екеніне қарамастан, барлығы артығымен жасалған. Әр түрлі әрлеу материалдары қолданылады. Ол (блогер – Sputnik) сол материалды көріп, тұтас "Керуен сарай" содан салынған деп ұйғарған – ол кәдімгі материал. Егер ол құрылыс саласынан бірдеңе түсінсе, олай жазбас еді", - деп жалғастырды өңір басшысы.

Әкім жобаны "өз беделін өте жоғары бағалайтын" Sembol компаниясы жүзеге асырғанын айтты.  

"Олар мұндай нәрселер үшін жауапкершілікке тартуды талап ете алады, беделге нұқсан келді, әрине, мен оны қаламаймын.

Шын мәнінде бұл пенопласт барлық жерде қабырға материалы ретінде қолданылады. Шымкентте жаңа үйлерде қасбет материалы ретінде қолданылып келеді, мұнда, Түркістанда да салынып жатыр, онда тұрған ештеңе жоқ", - деген Шөкеев пенопласт өте арзан және тиімді материал екенін атап өтті.  

"Жалпы алғанда қазіргі заманда барлық затқа пластмасса қолданылады. Міне, сіздер отырған орындық пластмассадан жасалған, қаламсап – пластмасса, микрофон, iPhone-ның корпусы – пластмасса", - деп өңір басшысы мысал келтірілді.

Шөкеевтің пікірінше, бұл жағдайда жоқ нәрседен "түсініксіз хайп" жасалған.

"Бірақ кейде, әрине, мұндай сөздер айтылған кезде жауапкершілік болуы керек. Өйткені біз турист тартқымыз келеді, соған тырысып жатырмыз, шетелдік инвестор өз ақшасын салды, кредит алды, кепілге қойды, жеке кепілдік берді, ал біз осылай ірі компанияның беделіне нұқсан келтіреміз", - деп түйіндеді әкім.  

Бұған дейін Шыңғыс Лепсібаев есімді қолданушы "Керуен сарайдың" қаптамасы бүлінген жерін фотоға түсіріп, желіде жариялаған болатын.

987
Тақырып бойынша
Елбасының Түркістанға не үшін барғаны белгілі болды - видео
Назарбаев жұртты таңғалдырып жатқан қаланы аралап көруге кеңес берді
Ежелгі шаһар тарихын бейнелейтін нысан: Тараздағы "Тектұрмас" этно-тарихи кешені – фото
Түркістан алдағы бес жылда қалай өзгереді – кешенді жоспар таныстырылды
"Қазақстандағы Венеция": Түркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды – фото