Аспара ауылы, Жамбыл облысы

Бірде-бір адам коронавирус жұқтырмаған ауылдың тұрғындары өз "құпиясын" бөлісті

9900
(Жаңартылды 17:57 09.02.2021)
Жамбыл облысы Меркі ауданында бірде-бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырмаған үш ауыл бар. Sputnik Қазақстан тілшілері Аспараға барып, тұрғындармен тілдесті, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 9 ақпан – Sputnik. Коронавирус пандемиясы басталғалы бір жылға таяды. Осы уақыттан бері Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Аспара ауылдық округінде бірде-бір адам инфекция жұқтырмаған. Мұның сыры неде? Ауыл өркениеттен алыс орналасқан ба? Жергілікті тұрғындар немен шұғылданады? Осы сұрақтарға жауап іздеген Sputnik Қазақстан тілшісі Аспараға барып, жергілікті тұрғындардың "құпиясын" білуге тырысты.

Аспара – Меркі ауданы орталығынан 33 шақырым жерде орналасқан ауылдық округ. Құрамына Аспара, Қайыңдысай, Құмарық ауылдары кіретін округте 1 660 адам тұрады. Екі жылдан бері округті Гаухар Оспанбекова басқарады.

Жамбыл облысында коронавирус жетпеген жер бар деген жаңалықты естігенде көпшілік бұл ауылдар қала мен ауданнан алыс, шалғайдағы мекен деп ойлады. Бірақ олай емес. Мәселен, округ орталығы - Аспара ауылы Меркіге барар жолдың бойында тұр. Ауылдық округте 63 жастан асқан 80-ге жуық зейнеткер тұрады. Ең егде жастағы ер адам 92 жаста. 100 жастағы екі кейуана бар. Олардың ешқайсысы коронавирус жұқтырмаған.

Пандемия кезіндегі тәртіп

Үш ауылда бүгінде 312 үй түтін түтетіп отыр. Бір мектеп, медициналық пункт және клуб жұмыс істеп тұр.

Аспара ауылын аралап шыққан соң, алғашқы сұрақты әкімге қойдық: "Қалай?".

"Карантинді жақсы сақтадық, мықтап кірістік десе де болады. Той-думанды тоқтаттық. Карантин басталған кезде ауылдың екі жағына блок бекеттер қойылды. Кіріп-шығуға тыйым салдық. Меніңше, түсіндіру жұмыстары жақсы жүрді. Тұрғындарға тазалықты сақтаңыздар, медициналық маскасыз жүрмеңіздер деп қайталаумен болдық", - дейді Гаухар Оспанбекова.

Гаухар Оспанбекова Аспара ауылдық округін екі жылдан бері басқарып отыр
© Sputnik / Айгерім Таубай
Гаухар Оспанбекова Аспара ауылдық округін екі жылдан бері басқарып отыр

Өткен жылдың наурызында блок бекеттер қойылып, карантинге жабылатыны хабарланған соң қалада оқуда жүрген жастардың бәрі ауылына қайтқан.

"Иә, сыртта оқып жүрген студенттер пандемия басталған кезде ауылға келді. Кімнің қай жақтан келгені, қай ауылға баратыны туралы ақпаратты ауданнан алып отырдық. Шамамен ауылға қай уақытта жететініне дейін хабар келіп отырды. Блок бекет қойылған жерге барып, әрқайсысын жеке-жеке тексердік. Үйіне жеткен соң да бақылап отырдық, ауылға бір кірген адамды сыртқа шығарған жоқпыз", - дейді ауыл әкімі.

Сол уақытта блок бекетте ауданнан бөлінген тәртіп сақшылары жұмыс істеген. Себебі Аспара мен көрші Ақермен ауылдық округіне бір учаскелік полицей бекітілген.

Гаухар Оспанбекованың сөзінше, ауыл халқы тыныш, тәртіпті сақтайды.

"Инфекцияның бұл ауылға жетпеуінің алғашқы себебі – осы", - дейді ол.

Тойға салған тыйым нәтиже берді

Ауылдарда пандемия басталғалы той-томалақ өтпеген. Ауыл ақсақалдары бұл маңда жасырынып той өткізетін орынның жоқ екенін алға тартты.

"Ауылға кірген-шыққан адам аз. Қазір ешкім ешқайда бармайды. Той-томалақ деген жоқ. Бірлі-жарым ұрлап істейтіндей бізде ауылда кафе-мейрамхана жоқ қой. Соның арқасы шығар, ауру бізге келмеді", - дейді Аспара ауылының ақсақалы Жарылқасын Байжұманов.

Аспара ауылы, Жамбыл облысы
© Sputnik / Айгерім Таубай
Аспара ауылы, Жамбыл облысы

Пандемия басталған уақыттан бері 4-5 келін түскен, алайда ауыл әкімдігі дүркіретіп той өткізуге тыйым салып отыр.

"Ауылдағы ағайын келін түсейін деп жатқанын алдын ала хабарлайды. Содан кейін келін түскен үйге барып, той істеуге болмайтынын айтып отырамыз. Жаныма ауыл ақсақалдарын ертіп барамын", - дейді әкім Гаухар Оспанбекова.

Арасында тойға рұқсат сұрап келгендер де болған. Ауыл әкімдігі карантин біткен соң жасайтынын айтып, тыйым салған.

"Келін түсіріп, көпшілікті жинап жиын өткізейік деп рұқсат сұрады. Адам болған соң түрлі өтініш айтады. Бірақ оған тыйым салдық. Себебі той болған соң қуанышқа ортақтасып жан-жақтан адам келеді, ал инфекция тез жұғады", - дейді ол.

Ауылда дәрігер жоқ

Ауылдағы шағын медицина пунктінде төрт медбике жұмыс істейді. Аспара және Ақермен ауылдық округіне бір дәрігер бекітілген. Аспараға дәрігер аптасына бір рет келіп тұрады. Біз барған күні жұмыс орнында күндізгі бөлім медбикесі ғана болды. Қалған үш маман коронавирусқа қарсы вакцина салуға байланысты тәжірибе жинақтау үшін ауданға кеткен екен.

Маман ауыл ішінде тұмаумен ауырғандардың бар екенін айтты. Алайда ауруы асқынып, ауруханаға түскендер жоқ.

"Жаздыгүні тұмаумен ауырғандар болды. Ол кісілерді дәрігер қарады. Біз жазып берген дәрісін күнделікті салып отырдық. Бір күнде бес адам келген күндер болды. Бұған дейін мұндай жағдай болмаған еді", - дейді медпункт медбикесі Зухра Райымқұлова.

 Ауыл медбикесі Зухра Райымқұлова
© Sputnik / Айгерім Таубай
Ауыл медбикесі Зухра Райымқұлова

Сақтықта қорлық жоқ деген ұстаныммен жұмыс істеген мамандар кей кездері апта сайын, кейде айына бір рет коронавирустың бар-жоғын анықтауға тест тапсырған.

"Өзіміз үшін тест тапсырып отырдық. Не дегенмен халықпен жұмыс істейміз. Ал ауыл арасында ешкімнің ауырмауы әркім өзін қорғағаннан деп ойлаймын. Бәріміз жаппай маска тақтық, антисептик қолдандық. Сыртқа шықпаңдар деді, соны тыңдадық", - дейді ол.

Медициналық бетперде тапшылығы бұл ауылды да айналып өтпеді. Алайда ауылдағы ісмер келіншектер әкімдік берген матадан бетперде тіккен. Оны ауыл адамдарына таратқан.

"Ауылдастарымыз бізге де медициналық бетперде тігіп берді. Сондай ілтипатты сезінген кезде іштей қуанып қалдық. Біз ол кісілердің уколын салып, қан қысымын өлшеп беру үшін үйлеріне жиі барамыз. Соның бәрі ескерілді", - дейді медбике.

Айтуынша, ауылда бронхит, демікпесі бар кісілер мен кішкентай баласы тұмауратып қалған аналар мамандарды үйіне шақырады.

"Әрине, басында қорқыныш болды. Кейіннен тұмау секілді үйреніп кеттік. Қорғаныс киімін киеміз де, көмек сұраған жандарға барамыз", - дейді Райымқұлова.

Пандемия тұсында инфекциядан қорғануға қатысты түрлі "аңыз" тарады. Бірі сарымсақты, бірі зімбірдің көмектесетінін айтты. Ауыл адамдары да соның бәрін жасаған екен.

"Ауылдағылар сарымсақты да жеді, зімбірді шайға қосып ішті. Әлеуметтік желіде тараған ем-домның бәрін істеді. Кейде ауыл ортасында тоқтатып, соның шын-өтірігін сұрайтын. Инфекция күшейіп тұран кезде иммунитетті түсірмеу керек екенін айтып жүрдім", - дейді медбике.

Аспара ауылдық округінде дәрігер жоқ, медпункте төрт медбике жұмыс істейді. Аптасына бір рет көрші Ақерменнен дәрігер келіп тұрады
© Sputnik / Айгерім Таубай
Аспара ауылдық округінде дәрігер жоқ, медпункте төрт медбике жұмыс істейді. Аптасына бір рет көрші Ақерменнен дәрігер келіп тұрады

Жақын арада ауыл округіне ауданнан бөлек дәрігер жіберілмек. Алайда оның нақты қай уақытта келетіні белгісіз.

"Ауылда дәрігер жоқ. Көрші ауылдағы дәрігер аптасына бір рет келіп тұрады. Оқу бітіріп келген жастардан бізге бір дәрігер берілетін болды. Алайда ол маманның қай күні келетіні әлі белгісіз. Бір аптада немесе бір айда келуі мүмкін", - дейді ауыл әкімі.

Сондай-ақ, 2022 жылы ауылда аурухана салу жоспарланған.

Табыс көзі – егін мен мал

Ауылдық округте төрт дүкен жұмыс істеп тұр. Алайда тұрғындар аса қатты қажеттілік болмаса ол дүкенге бас сұға бермейді. Себебі жаздай өсірген көкөністі қыстай жейді. Қорадағы малын сойып, ет қылады.

"Ауылда бәрі мал ұстайды. Жаздай қариялар саумал ішіп шықты. Таңның атысы, күннің батысы кезекпен барып саумал ішеміз. Саумалдың литрі 300 теңге, қымыз –  500 теңге. Аурудан қорғану үшін құйрық май жұтыңдар деді. Оны да істедік", - деді Жарылқасын Байжұманов.

Айтуынша, ауыл ішіндегі көл таза ауада жүріп қайтуға таптырмайтын жер. Таза өнім, таза ауа – бәрі әсер етеді, деп санайды ауыл халқы.

Қайыңдысай ауылы, Аспара ауылдық округі, Жамбыл облысы
© Sputnik / Айгерім Таубай
Қайыңдысай ауылы, Аспара ауылдық округі, Жамбыл облысы

Халықтың тағы бір күнкөріс көзі – егіншілік. 50 адамды жұмыспен қамтып отырған өндірістік кооператив бар. Ауылдың айналасындағы 11 мың гектар егістік жерде халық жаз бойы жұмыс істейді. Арпа, бидай мен жоңышқа егіп, малдың қыстық азығын жинайды. Артығын сатады.

Жері шүйгін бұл маңда шөп те бітік шығады, көкөніс те көп. Халық ағын сумен бақшасын суарып отыр. Ауылдар таза ауыз сумен қамтылған. Кейбірі құдықтың суын ішеді. Бірлі-жарым үй болмаса, қалғаны газға толық қосылған.

Балық шаруашылығын кәсіп қылған отбасы да бар екен. Олар көлге 10 мың шабақ жібереді. Өскен соң ауыл-аймаққа сатады.

Облыс әкімі не деп әзілдеді

Қаңтарда Аспара ауылдық округіне Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ауыл әкімдігі жаңа мектеп пен көшеге асфальт төсеу мәселесін көтерді.

Қазір Аспарадағы мектепте 270 бала оқиды, білім ордасында 50-ге жуық адам істейді. Бүгінде сабақ дәстүрлі форматта өтіп жатыр. Округтегі екі ауылдың оқушылары осы жерде, Құмарық балалары Ақермен ауылдық округіне барып жүр.

Облыс әкімімен кездесуден кейін 2021 жылы 150 балаға арналған тағы бір мектеп бой көтеретін болды. Демек, округтегі біраз азамат үшін жұмыс орны ашылады.

Ауылдық округтегі жиналыстар өтетін клуб, Аспара ауылы, Жамбыл ауданы
© Sputnik / Айгерім Таубай
Ауылдық округтегі жиналыстар өтетін клуб, Аспара ауылы, Жамбыл облысы

"Облыс әкімі алғаш рет біздің ауылға келді. Ел ішінде бар мәселені көтердік. Әкімнің алдында есеп бердім. Бұған дейін көшелерге тас төсеген едік, енді асфальт төсеу қажет екенін айттық", - деді ауыл әкімі.

Ал ауыл көшелеріне асфальт төсеу мәселесі келешектің еншісінде.

"Облыс әкімінің ауылға келгеніне қуанып қалдық. Барлық талапты сақтап, жиын өткізді. Мектеп, аурухана салу туралы ұсыныстар айтылды. Бізде бірде-бір адам коронавируспен ауырмағанын айтып, Бердібек Сапарбаев "сіздермен қол алысып амандасуға болады" деп әзілдеді", - дейді ауыл ақсақалы Байжұманов.

"Сиқырлы шөптің" әсері ме

Алматыдан Аспараға дейінгі жолда Жамбыл облысының біраз тұрғынымен сапарлас болдық. Осы жақта бірде-бір адамның коронавирус жұқтырмағанын естігеннің бәрі "сиқырлы шөптің" әсері шығар десті. Бұл жайында ауыл тұрғындарының пікірін білдік.

"Анашаны сұрап отырсыз ғой? Шу бізден алыс. Көп адам соны шатастырады. Шу ауданында Аспара станциясы бар. Біз Меркі ауданына қараймыз, біздікі жолдың бойында тұрған ауыл. Екі ауылды шатастырып, соған байланысты көп пікір айтылып жатыр екен. Бізде ешкім ондаймен айналыспайды", - дейді Жарылқасын ата.

Осылайша ауыл тұрғындарың тіршілігі өз қазанында қайнап жатыр. Коронавирус қыстың қамын жаз ойлап күн кешетін ауылдың күйбең тіршілігінің көлеңкесінде қалып қойғандай.

9900
Кілт сөздер:
ауыл, коронавирус, Жамбыл облысы
Әлеуметтік желі

Теңізде болған жағдайдың видеосы желіде тарады

1387
(Жаңартылды 11:45 06.03.2021)
Өрт жарты сағаттан соң сөндірілді. Бес автобус толықтай өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтардың бірінде бес жолаушы автобусы өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, деп жазды "Мой город" басылымы.

Өрт 5 наурыз, жұма күні кешке болған. Басында ССЕР компаниясының тұрағында тұрған бір автобус жанды. 

"Жалын бірден тағы төрт автобусқа көшті. Өртті сөндіруге "Теңізшевройл" компаниясының үш өрт сөндіру техникасы мен 30 адам жұмылдырылды", - деді компания өкілі Орақ Бейсембиев.

Оның ақпаратына сәйкес, өрт жарты сағаттан соң сөндірілді. Бес автобус толықтай өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

1387
Кілт сөздер:
Атырау облысы, өрт, автобус, видео
Тақырып бойынша
Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды
Адамдар отырған көлікті автобус бел ортасынан соққан сәт видеоға түсіп қалды
Семейде әйел автобуста 3 млн теңгесін ұмытып кетті
"Ол күнді ұмытпаймын": бақылаушылар автобуста болған қызықты оқиғаларды айтып берді
Алматыда автобус "Mega" сауда орталығына соғылды: бес адам зардап шекті
Шымкент қаласы

Шымкенттің бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

133
(Жаңартылды 19:09 05.03.2021)
Бұған дейін қаланың бас санитары ас беру шараларын өткізуге рұқсат берген. Бірақ ғимаратты 30 проценттен артық толтыруға және 50 адамнан көп жиналуға тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Түлебаев жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Шымкент қаласының аумағында 2021 жылдың 8 наурызы сағат 00:00-ден бастап 2021 жылдың 29 наурызы сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген құжатта. 

Айта кетейік, бұған дейін қаланың бас санитары ас беру шараларын өткізуге рұқсат берген. Бірақ ғимаратты 30 проценттен артық толтыруға және 50 адамнан көп жиналуға тыйым салынады. Басқа шараларды, соның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, құдалық, беташар және тойды өткізуге болмайды.

Ашық алаңда және ғимаратта орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарын 50 процентке дейін толтыруға рұқсат беріліп отыр. Алайда жалпы адамдар саны 50-ден аспауы тиіс. Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары да жұмыс істейді. Адам санына қарай шектеу бар.

Жанар-жағармай станциялары мен ондағы дүкендер, автоэкспресс, автожуу, көліктер, сағаттар, телефондар, компьютерлер мен аяқкиім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері мен туристік базалар қалыпты режимде жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, спорттық шаралар өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бірақ көрермен саны ғимарат сыйымдылығының 20 процентінен аспауы қажет. Ал кеңсе қызметкерлерінің 30 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшірілуі шарт.

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін республика бойынша коронавируспен 216 467 адам тіркелген. Соңғы бір тәуліктің ішінде ПТР-тест арқылы тағы 857 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде Шымкент қаласында тіркелген 27 науқас бар.

 

133
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Полиция Шымкентте жұртты шошытқан жағдайға байланысты түсініктеме берді
Шымкентте куәгерлер "қыз алып қашқандарды" видеоға түсіріп алды
Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы рет сәбилі болды
Вакцинаның әсері: Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз табылды
Еден, шүберек

Алматылық еден жуушының керемет өзгерісі жұртты тәнті етті фото

1
(Жаңартылды 13:36 06.03.2021)
Мұсатаев өзгеруге арналған жобасын Халықаралық әйелдер күніне орайластырған. Пилоттық түсірілімге модель ретінде 36 жастағы Луиза таңдалды

АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Алматылық продюсер Әлихан Мұсатаев өзінің Instagram парақшасында жаңа жобасы туралы айтты. Оның алғашқы кейіпкері еден жуушы келіншек болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MEDIA|PR|ПАПА|СЕМЬЯ (@mussatayev)

Мұсатаев өзгеруге арналған фотожобасын Халықаралық әйелдер күніне орайластырған. Пилоттық түсірілімге модель ретінде 36 жастағы Луиза таңдалды. Ол Шымкенттен Алматыға көшіп келген. Бизнес орталықта қызмет етеді, екі баланың анасы.

"Жобам бір жарым күн ішінде жүзеге асырылды. Сенім білдіріп, қатысқаны үшін Лиузаға рақмет. Қыздар, нәзікжандылар қайда жұмыс істейтініңіз, жалақыңыз, тұрмыс құрғаныңыз, жалғыз бақытты екеніңіз, балаңыз болғаны-болмағаны маңызды емес. Бастысы - Сіздер әрдайым кереметсіздер!", - деді продюсер.

Ол әйелдің дені өз суретінің журнал бетіне шығуға лайық екеніне сенімді емес деп отыр. Сондықтан жаңа жоба бұл мүмкін екенін дәлелдейді.

1
Кілт сөздер:
фото, әйел, еден жуушы, Алматы
Тақырып бойынша
"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді
Қыз-келіншектер 8 наурызға қандай сыйлық алғысы келетінін айтты – видео 
Әйелі тастап кеткен жігіт адам танымастай өзгерді - фото
"Өзімді басқаша сезінемін": жігіт 3 жылда адам танымастай өзгеріп кетті - фото
110 келіге арықтады: белгілі дәрігер салмақтан арылудың бірегей тәсілі туралы айтты