Архивтегі фото

Отағасы ұйықтап жатқан: Терезеден қарап отырған әйел қызынан көз жазып қалды

7157
Петропавлда тәрітп сақшылары адасып қалған бес жасар қызды үйіне қайтарды. Полицей келген кезде ата-анасы қызды іздеуге енді шықпақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Петропавл полицейлері адасып қалған бес жасар қызды үйіне қайтарды, деп хабарлады Polisia.kz.

7 ақпанда Петропавлда көшеде жалғыз жүрген бес жасар қызды көрген қала тұрғыны полицияға хабарласқан.

Ол өзінің есімін, ата-анасы мен інісінің есімдерін сенімді түрде айтқанымен, тегі мен мекенжайын есіне түсіре алмаған. Ұзақ уақыт бойы қызды ешкім іздемеген. Әйел баланы өз үйіне әкеліп, кейін полицияға қоңырау шалған.

Оқи отырыңыз: Балқашта із-түзсіз жоғалған қыздың қайда жүргені анықталды 

Тәртіп сақшылары кішкентай қызға ілесе отырып оның мекенжайын тез тауып алған. Қыз бала өзінің үйін таныған, өзі алып жүрген домофонның кілтімен подъездің есігін ашқан. Ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы баланы пәтеріне жеткізіп салды.

Отағасының түнгі кезекшіліктен кейін ұйқыға кеткені, ал анасының қызын терезе арқылы қарап отырғанымен, жөргектегі сәбиіне қарайлаған сәтінде баланың назардан тыс қалғаны анықталды.

Полицей келген кезде олар қызды іздеуге енді шықпақ болған. Абыржыған ана қызы бұрын ешқашан ауладан кетіп қалмағанын айтқан.

"Отбасы полицияда есепте жоқ. Учаскелік инспектор ата-анасымен профилактикалық әңгімелесу өткізді", - дейді Петропавл қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рүстем Садулов.  

7157
Нұр-Сұлтан

Синоптиктер 19 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады

45
Бірқатар облыста найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейсе, кейбір өңірде үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігі солтүстік антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына әлі де солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс және шығысында тұман түсіп, жел15-20-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстік және орталығында тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік және орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батыс, батыс және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстік және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және орталығында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +8..+10 °C, түнде +1..+3 °C. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Алматыда күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +31..+33 °C, түнде +18..+20 °C.

Шымкентте күн ашық, ауа температурасы күндіз +28..+30 °C, түнде  +13..+15 °C болады.

45
Озеро Капшагай

Қапшағай маңындағы жарылыс видеоға түсіп қалды - мамандар түсініктеме берді

1177
(Жаңартылды 16:35 18.09.2021)
Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алаңдауға негіз жоқ екенін, бұл кен орнындағы жоспарлы жарылыс екені хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Әлеуметтік желіде Қапшағай маңындағы жарылыстың видеосы жарияланды. Тұрғындар түсірген видеодан аспанға көтерілген қою түтінді көруге болады.

Желі қолданушылары алаңдаушылық тудырып, бұл ауданда әскери бөлімдер бар екенін жарыса жазды. Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бұл қиыршық тас өңделетін кен орнында жүргізілген жоспарлы жарылыс екенін хабарлады.

"Бұл қиыршық тас өңделетін карьер аумағындағы жоспарлы жарылыс. Зардап шеккендер жоқ", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Азамат Жұртбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оның айтуынша, кен орны Қапшағай қаласының маңында орналасқан. Жоспарлы жарылыс жүргізілетіні жергілікті тұрғындарға алдын ала хабарланады.

Еске сала кетсек, 26 тамыз кешке Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің қоймаларының бірінде өрт шығып, артынан оқ-дәрілер жарыла бастады. Кем дегенде 10 жарылыс болған. Салдарынан 17 адам қаза тапты. 

Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны Таразға көшірілді. Оқиғадан кейін қорғаныс министрі болған Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

1177