Өңірлер

Коронавируске байланысты СҚО-да бірнеше білім ордасы карантинге жабылды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуМектеп мұғалімі, архивтегі сурет
Мектеп мұғалімі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Бүгінге дейін облыста коронавирусты инфекцияның 11 568 жағдайы тіркелсе, оның 7 151 жағдайы ауру белгілерінсіз (61,8%), ал 4 417 жағдайы (38,2%) ауру белгілерімен тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушыларынан коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты ауылды жердегі төрт мектеп карантинге жабылып, ал жергілікті университет студенттері қашықтан оқуға көшті.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев брифингте оқу жылы басталғалы 531 мектеп оқушысы инфекция жұқтырғанын айтты. Штатты режимде білім алатындар қатарындағы науқастар – 289 болса, қашықтан оқуда – 242 жағдай тіркелген.

"Ақпан айында 53 оқушының ковид жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде, 42 бала штатты режимде оқыса, 11 оқушы қашықтан білім алып жүрген. Бүгінгі күні коронавирусты инфекцияның тіркелуіне байланысты өңірдегі төрт мектеп карантинге жабылды", – деді Жұматаев.

Олар: Есіл ауданындағы Заградов орта мектебі мен Қызылжар ауданындағы Соколов пен Озерин орта мектебі және Ғабит Мүсірепов ауданындағы Целинная орта мектебі.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан университетінің үш студенті коронавирусты инфекция жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде бір студент штатты режимде білім алған. Қазіргі кезде науқас студент оқыған топ қашықтан оқуға көшірілді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда карантин талабы өзгерді – жаңа қаулы шықты

Айта кетейік, осы кезге дейін облыста коронавирусты инфекцияның 11 568 жағдайы тіркелсе, оның ішінде 7 151 жағдай ауру белгілерінсіз (61,8%), 4 417 жағдай (38,2%) ауру белгілерімен тіркелген.

Ал өткен тәулікте 68 адамнан коронавирусты инфекция анықталса, оның 33-і ауру белгілерімен, 35-і ауру белгілерінсіз тіркелген.

Жаңалықтар
0