Өңірлер

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім басқа қаладан табылды

CC0 / pixabay.com / Жасөспірім қыз
Жасөспірім қыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Тексеру барысында жасөспірім сөйлесіп жүрген жігітімен бірге Нұр-Сұлтан қаласына кетіп қалғаны белгілі болды

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім қыз Нұр-Сұлтан қаласынан табылды. Ол сөйлесіп жүрген жігітімен бірге кетіп қалған, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, жасөспірімнің анасы 17 жастағы қызы түскі уақытта үйінен сыртқа шығып, содан оралмағанын мәлімдеді. Бастапқыда ата-анасы қызын күні бойы өздері іздеген. Нәтиже шықпағаннан кейін Мақтаарал тұрғындары полициядан көмек сұраған.

Содан кейін құқық қорғаушылар қыздың баруы мүмкін жерлерді тексеріп, хабарласуы мүмкін достарынан жауап алды. Туыстарынан сұрастырды.

Нәтижесінде қыз Нұр-Сұлтан қаласынан табылды. Қазіргі кезде ол Мақтаарал қаласына жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Сәтбаевта жоғалған қыз табылған үйге бір топ адам шабуыл жасады – видео

Тексеру барысында жасөспірім сөйлесіп жүрген жігітімен бірге Нұр-Сұлтан қаласына кетіп қалғаны анықталды.

Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға өтпелі кезеңдегі ұл-қыздарының тілін табуға кеңес береді.

Жаңалықтар
0