Зорлық-зомбылық

Ақтау тұрғыны өзін зорламақ болғандардың қылмысын дәлелдей алмай жүр

237
(Жаңартылды 11:15 11.02.2021)
Ақтауда екі жыл бұрын таксист пен оның досы бойжеткенді соққыға жығып, тонаған және зорламақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Ақтау тұрғыны Анастасия Елхимова екі жыл бойы әділдік іздеп, күдіктілерді жауапқа тарта алмай жүр. Ол таксиге отырған кезде өзіне шабуыл жасалғанын айтуда. Бірақ, арада біраз уақыт өткен соң, істің жабылғаны анықталып отыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

2019 жылдың шілде айында ол құрбысының үйінен шығып, танымал мобильдік қосымша арқылы үйіне қайту үшін такси шақырады. Көлікте жүргізушіден бөлек тағы бір ер адам болған. Анастасия бұған еш мән бермей, көлікке отырады. Бірақ, біршама уақыттан кейін көліктің басқа бағытқа қарай бұрылғанын байқайды. Сол уақытта екі ер адам оған шабуыл жасаған. Бойжеткен қарсылық көрсетіп, сытылып шығады. Алайда, таксиде ұялы телефоны мен ақшасы қалып кетеді.  Тартыс кезінде оның құлағынан түсіп қалған сырға дәйекзат ретінде қарастырылған.

Анастасия бірден полицияға шағымданған соң, зорлауға әрекет ету фактісі бойынша іс қозғалды. Жәбірленушіден бес тергеуші жауап алғанына қарамастан, олар таксист пен оның досының қылмысын әшкерелейтін дәлел таппаған. Құқық қорғау қызметкерлері көше камераларындағы жазбаларды да алмаған. Анастасия "қылмыс құрамының жоқ болуына" байланысты істің жабылғанын естіген. Бұл жөнінде оған хабарламағаны тағы бар.

"Мен олардың бір-біріне қарап жымиғанын көрдім. Себебі, олардың дос екенін және түрмеге отырмаудың бір амалын табатынын естідім. Ол өз жауабын сегіз рет өзгертті", - дейді Анастасия Елхимова.

Бірақ, Ақтау тұрғыны қол қусырып отырмақ емес. Заңгерлер де жабылған істі қайта қозғауға болатынын айтты

"Қылмыстық-процестік кодекстің 106-бабына сәйкес, кез келген тұлға істің жабылуына сот тәртібінде шағымдана алады. Тергеу соты қабылданған шешімнің қаншалықты заңды екеніне қатысты шектеулі мерзім ішінде баға беруі керек", - дейді заңгер Алексей Божков.

237
Кілт сөздер:
қылмыс, Ақтау
Қостанай облысында малшы құтқарылды

Қар астында көміліп жатқан: бір апта бұрын жоғалған малшы табылды - видео

3222
(Жаңартылды 18:00 27.02.2021)
Жергілікті шаруашылықтардың бірінде малшы болып істейтін 49 жастағы ер адам жылқыларды іздеуге шығып, адасып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Амангелді Тұржанов 20 ақпанда Амангелді ауданында жоғалып кеткен. Ол түнде жылқыларды іздеуге шыққан.

"Іздеу жұмыстарына елуге жуық адам қатысты, бұл полицейлер, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ 49 жастағы ер адамды іздеуге 26 ақпанда Нұр-Сұлтаннан тікұшақ жіберілді. Тікұшақтан жылқыны көрдік, оның жанынан ер адам табылды. Ол қар басқан қамыстың астында жатып аман қалған", - дейді құтқарушылар.

Лошадь, которая была с пастухом
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Құтқарылған малшының жылқысы

Ауыл тұрғыны құтқарылғаннан кейін медициналық көмек көрсету үшін Жезқазғанға жеткізілген.

Айта кетсек, бұған дейін тағы бір Қостанай тұрғыны Федор Попов Ақтөбеден қайтып келе жатқанда өлім құша жаздаған болатын. Ол құтқарушыларды қар құрсауында бір тәуліктен аса уақыт күтті. Ер адам көп қозғалғанның арқасында аман қалған.

3222
Бала, архивтегі сурет

СҚО тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді - оқиғаның мән-жайы

1547
(Жаңартылды 14:01 27.02.2021)
Полицияда кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасау ерекше бақылауда екенін атап өтті. Аса ауыр қылмыс санатына жатады

ПЕТРОПАВЛ, 27 ақпан — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 16-дағы бозбала 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жәбірленушінің тәтесі кінәліні жазалауды талап етіп, үндеу жариялады.

"Мен Ясновка ауылының тұрғынымын. 10 жасар бауырымды 16 жастағы бозбала зорлады. Явленка аудандық полиция бөлімі арызды жанжалмен қабылдады. Петропавл қаласында сараптама тағайындалды. Бауырымды тексерген кезде жәбірлеу фактісі анықталды. Енді қорытындыда еш жағдай болмағаны айтылған", - деді әйел.

Оның айтуынша, бозбаланың өзі зорлық болғанын мойындаған. Әйел іс тоқтап қалып, күдікті тиісті жазасын алмайды деп қорқады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қаралып жатқанын хабарлады.

Тиісті сараптама тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицияда кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасау ерекше бақылауда екенін атап өтті. Аса ауыр қылмыс санатына жатады.

Болған жағдайды айтып, қоғамдық резонанс тудырған әйел де қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚК 423-бабы 1-бөлігіне ("Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету") сәйкес, 2 АЕК (1 АЕК - 2 917 теңге)  айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

1547
Кілт сөздер:
зорлық-зомбылық, жасөспірім, СҚО
Тақырып бойынша
Алматы облысында екі мұғалім оқушы қыздарды зорлады деп айыпталып жатыр
Үштөбеде оқушыны зорлады деген күдікке ілінген мұғалімдерге қатысты ақпарат жарияланды
Екібастұздық блогер бала зорлады деген күдікпен қамалды – видео
Танысын зорлады: Алматыда бұрынғы прокурор мен банк менеджері сотталды
Әлемге әйгілі актерге әйел зорлады деген айып тағылды – БАҚ
Қазақстан мен Қырғызстан тулары

Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келеді: Тоқаев пен Жапаров не талқылайды

10
Қазақстан Қырғызстаның жаңа президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен келетін екінші ел болмақ

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан басшылары мемлекеттік сапар барысында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қояды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға 2-3 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді.

"Шағын және кең құрамдағы келіссөздер барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады деп көзделіп отыр. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болады", - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Орталық Азия, ЕАЭО мен өзге де құрылымдарда интеграциялық процестерді дамыту, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ.

Айта кетсек, Қырғызстанның жаңа президентінің Қазақстанға сапары сайлаудан кейін бірден жоспарланған еді. Бірақ президентікке сайланғаннан кейін Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады.

10
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан