Кісен, архивтегі сурет

Алматы облысында шенеуніктерді ұстау сәтінің видеосы тарады

6675
Талғар ауданының бұрынғы әкімі мен әкімдік қызметкерлері бірнеше мәрте пара алды деген күдікке ілінді

ТАЛДЫҚОРҒАН, 11 ақпан - Sputnik. Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шенеуніктерді ұстау сәтінің видеосын жариялады.

Видео Талдықорғанда өткен баспасөз мәслихатында көрсетілді. Облыстық білім басқармасының жетекшісі  Майгүл Омарова, Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешев пен өзге лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды.

"Қылмыстық кодекстің 366-бабына ("пара алу") сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Талғар ауданының бұрынғы әкімі мен әкімдік қызметкерлері бірнеше мәрте пара алды деген күдікке ілінді. Олар алдын ала сөз байласу бойынша ақша жымқырған. Пара беріп, пара алғаны үшін облыстық ақпараттық технологиялар ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі де күдікке ілініп отыр", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Диас Нүсіп.

Ведомствода өзге ақпарат хабарланбайтынын жеткізді. 

6675
Кілт сөздер:
видео, шенеунік, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады
Алматылық шенеуніктер вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты
Биыл бірқатар шенеуніктің қылмысы әшкере болды – ұстау операциясының видеосы
Үш жыл бойы ақша жинаған шенеуніктің қылмысы ашылды – видео
Жұдырық, иллюстративті фото

Павлодар облысында әйел күйеуін бұзақылардан құтқарып қалды

1745
(Жаңартылды 17:09 28.02.2021)
Төбелеске қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, қазіргі уақытта тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Павлодар облысында екі жігіттің ер адамды жабылып ұрып жатқаны жайлы видео жарияланды.

Ролик авторының айтуынша, оқиға сенбіден жексенбіге қараған түні Ақсу қаласында болған. Ер адам жергілікті мектептің жанынан отбасымен – әйелі және екі баласымен бірге өтіп бара жатқанда оны белгісіз біреулер соққыға жыққан.  

Видеодан жеңіл киінген екі жігіт жерде жатқан адамды ұрып жатқанын көруге болады. Әйел ер адамға араша түсіп, бұзақыларға қарсылық көрсетеді. Қаскүнемдер әйелден мұндай батылдықты күтпесе керек, жерде жатқан ер адамды тепкілеуін доғарады.

Қалалық полицияның мәліметінше, бұл факт Ақсу полиция бөлімінде тіркелген.

"Төбелеске қатысқандар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық баға беріледі", - дейді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.  

1745
Қыз терезе қарап тұр, архивтегі фото

Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып үлкен апаттың алдын алды видео

2683
Нұрия терезеден аулалардың бірінде тұрған көліктің астынан шығып жатқан ұшқындарды көріп қалған, ол дереу әкесіне хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы жанып жатқан көлікті байқап, дер кезінде ата-анасына айтып берген. Оқиға Көкшетау қаласының Юбилейный шағын ауданында 25 ақпан күні болған, деп хабарлады Polisia.kz.   

Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы Серік Баймұқановтың 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып терезеден аулада тұрған көліктің астынан шығып жатқан ұшқындарды көріп қалған. Қауіпті жағдайларда не істеу керек екенін жақсы білетін Нұрия бірден әкесіне хабарлаған.

Серік Керімбайұлы анасы мен әйеліне өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалуды тапсырып, ойланбастан көшеге шыққан. Өрт шыққан көліктің жанында басқа да көлік құралдары тұрған. Ол басқа көлік құралдарының дабылын іске қосып, көлік иелерінің назарын аудару үшін оларды соға бастаған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жеті жасар қыз анасын құтқару үшін полицияға телефон соқты 

Бұдан кейін көлік иелері тысқа шыққанда көліктерді өрт ошағынан алыстатуды өтініп, сыртқа шыққан жастармен бірге өрт ошағын оқшаулауға кіріскен.

Осылайша кішкентай қыздың қырағылығының арқасында үлкен апаттың жолы кесілді.   

2683
Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы

Қазақстанда 1 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 1 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

1 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 –"Мал ұрлығымен күрес" тақырыбында ішкі істер министрлігінің онлайн брифингі. Спикер: Таев Думан Ашкенұлы – Қазақстан ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы.

11.00 – Алғыс айту күніне арналған "Қазақ еліне мың алғыс!" монументінің жанында салтанатты түрде алғыс айту рәсімі. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады. Салтанатты шара аясында ҚХА жастар қанатының өкілдері сөз сөйлейді. Журналистер аккредитациядан өтуі керек: Ботагөз Жақсымбетова 8771 555 44 89, Данагүл Амантай 8747 688 09 62 (Түркістан көшесі – Бұқар жырау көшесінің бұрышы).

11:00 - Алғыс айту күніне арналған "Мың алғыс саған, ұлы далам!" халықаралық дөңгелек үстелі. Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, ұлтаралық қатынастар саласындағы зерттеушілер, сарапшылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1А) өтеді. Аккредитация бойынша мына нөмірлерге хабарласу керек: +7 /7172/ 69 30 53, +7 /7172/ 69 30 57.

15.00 – "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы әртістерінің Алғыс айту күніне орай "Мейірімді болайықшы, бауырлар!" атты қайырымдылық концерті өтеді.  

Мерекелік іс-шара ұстаздар мен дәрігерлердің, ардагерлердің шақырылуымен өткізіледі. Концерттің мақсаты – ақ халатты абзал жандар мен ұстаздарға, еңбек ардагерлеріне рухани қолдау көрсету және ерен еңбектері үшін алғыс білдіру.

Концертте "Қазақконцерт" ұйымының өнер ұжымдары мен белгілі әншілері өнер көрсетеді. Көрермен қауым "Астана сазы" қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің, Құрмаш Махан, Гүлнәр Көшенова, Күнсұлу Түрікпен, Айдана Қаржаубаева, Аяулым Қамажан, Нұркен Якиев, Әлихан Дүйсенбай сынды әншілердің өнерін тамашалай алады. Концерт бағдарламасына белгілі халық әндері мен қазіргі танымал музыкалық туындылар енген. ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік даңғылы 10/1).

АЛМАТЫ

12.00 – "COVID-19 пандемиясы кезінде Алматы қаласының тұрғындары мен медицина қызметкерлерінен өтініш қабылдау үшін "Қауырт желі" телефонының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында баспасөз конференциясы. Баспасөз конференциясының спикерлері: Бақыт Түменова, "Аман-саулық" ҚҚ президенті, Зүлфия Байсақова, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі жанындағы әлеуметтік әл-ауқат мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы. Баспасөз конференциясына жеке қатысу үшін журналистер Қазақстан баспасөз клубына шақырылады (карантиндік шектеу 10 адам. Алдын ала аккредиттеу арқылы ғана кіруге болады). Аккредитация мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 87017490200, Әсел Берімжарова (Самал-2 ықшам ауданы, 58 үй, бірінші кіреберіс, 2-қабат. Трансляция: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0