Өңірлер

Бүгін ауа райы қандай болады

© Sputnik / Сергей Красноухов / Медиабанкке өтуСильная метель, архивное фото
Сильная метель, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Сегіз өңірде дабылды ескерту жарияланды. Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін. Батыста ғана жауын-шашынсыз

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Бейсенбі, 12 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар әсерінен ауа райы құбылмалы болады.

Жауын-шашын болып, қар жауады. Батыста ғана жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет.

Дабылды ескерту

12-14 ақпанда Жамбыл облысында тұман түседі. 12 ақпан күндіз және 13,14 ақпанда солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысында дауылдың болуы ықтималдылығы - 90-95%. Кей жерде көктайғақ, бұрқасын, тұман болады. 

Атырау облысында да тұман.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, тұман.

Қостанай облысында тұман, бұрқасын, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысында да тұман болады.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Тұман болуы мүмкін.

Алматы облысында Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейніндегі қар жамылғысына байланысты көшкін жүруі мүмкін. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада күндіз минус 10-12 градус, түнде 22-24 градус суық.

Күндіз Алматыда плюс 5-7 градус, түнде жауын-шашын болады, 3-5 градус жылы.

Шымкентте күндіз 14-16 градус жылы, түнде плюс 3-5 градус.

Жаңалықтар
0