Бос қалған әмиян

Зейнетақысыз қалды: оралдық әйел өлгендер тізімінен бір-ақ шықты

1622
(Жаңартылды 18:24 12.02.2021)
Кейуананың айтуынша, ол соңғы рет зейнетақысын 6 қаңтарда алған және жергілікті мемлекеттік органдардың қателігінен енді азық-түліксіз қалуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Көзі тірі оралдық зейнеткер Мәнсия Жақыпова ай мен күннің аманында қайтыс болғандар тізімінен бір-ақ шықты. Банк қызметкерлері ақпан айының зейнетақысы төленбеген деген соң, өзінің "қайтыс болғандар" санатына қосылғанын төлем орталығындағы мамандардан білді, деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.

Орталық мамандары бұл жағдайды оның қайтыс болған азаматтардың тізімінде болуымен түсіндірді.

"Ақпан айында мені қайтыс болғандардың санатына қосыпты. Ондай анықтаманы кім бергенін білмеймін. Банк – төлем орталығына, ал ол орталық – көші-қон қызметіне жөн сілтеді", – дейді Мәнсия Жақыпова.

Кейуананың айтуынша, соңғы рет зейнетақысын 6 қаңтарда алған және осы қателікке байланысты ол енді азық-түліксіз қалуы мүмкін.

"Көші-қон қызметінің өкілдері 1996 жылы маған қатысты бір өзгеріс болғанын айтады. Ал мен оларға Қазталов ауданында операциялық медбике болып жұмыс істегенімді және 1996 жылы жеңілдетілген зейнеткерлікке шыққанымды түсіндірдім. Ол кезде сондай жеңілдіктер болған. Зейнетке шыққан соң, біз қалаға көшіп келдік. Содан 25 жыл бойы зейнетақы алып келемін. Ал ақпан айында мен "қайтыс болғандар тізіміне" қосып жібергендіктен зейнетақысыз қалдым", – дейді 1950 жылы туған Жақыпова.

Оқи отырыңыз: Күнәсін Құдай кешірсін: Төреғали өзінің тірі екенін дәлелдеуге мәжбүр болды

Көші-қон қызметі Мәнсия Жақыпованың "қайтыс болғандардың" деректер базасында жоқ екенін растап, құжаттары түзетіледі.

1622
Кілт сөздер:
Орал, зейнеткер
Тақырып бойынша
Түркістан облысының тұрғыны қызының тірі екенін дәлелдей алмай жүр
Тоңазытқыштағы бала өлімі: куәгер тірі нәрестені өз көзімен көргенін айтты
Ауырған атасын өлдіге санаған: Ресейде COVID-19 диагнозымен "тірі адам" жерленді
Түркиядағы жер сілкінісі: үйінді астында 33 сағат жатқан ер адам тірі қалды
Қостанайда супермаркеттен сатып алынған пакет ішінен тірі жарқанат шықты – видео
Шымкент қаласы

Шымкенттің бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

8
(Жаңартылды 19:09 05.03.2021)
Бұған дейін қаланың бас санитары ас беру шараларын өткізуге рұқсат берген. Бірақ ғимаратты 30 проценттен артық толтыруға және 50 адамнан көп жиналуға тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Түлебаев жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Шымкент қаласының аумағында 2021 жылдың 8 наурызы сағат 00:00-ден бастап 2021 жылдың 29 наурызы сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген құжатта. 

Айта кетейік, бұған дейін қаланың бас санитары ас беру шараларын өткізуге рұқсат берген. Бірақ ғимаратты 30 проценттен артық толтыруға және 50 адамнан көп жиналуға тыйым салынады. Басқа шараларды, соның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, құдалық, беташар және тойды өткізуге болмайды.

Ашық алаңда және ғимаратта орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарын 50 процентке дейін толтыруға рұқсат беріліп отыр. Алайда жалпы адамдар саны 50-ден аспауы тиіс. Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары да жұмыс істейді. Адам санына қарай шектеу бар.

Жанар-жағармай станциялары мен ондағы дүкендер, автоэкспресс, автожуу, көліктер, сағаттар, телефондар, компьютерлер мен аяқкиім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері мен туристік базалар қалыпты режимде жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, спорттық шаралар өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бірақ көрермен саны ғимарат сыйымдылығының 20 процентінен аспауы қажет. Ал кеңсе қызметкерлерінің 30 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшірілуі шарт.

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін республика бойынша коронавируспен 216 467 адам тіркелген. Соңғы бір тәуліктің ішінде ПТР-тест арқылы тағы 857 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде Шымкент қаласында тіркелген 27 науқас бар.

 

8
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Полиция Шымкентте жұртты шошытқан жағдайға байланысты түсініктеме берді
Шымкентте куәгерлер "қыз алып қашқандарды" видеоға түсіріп алды
Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы рет сәбилі болды
Вакцинаның әсері: Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз табылды
Алтын құймасы

Ақмола облысында ірі мөлшерде алтын ұрланды полиция істің мән-жайын жариялады

715
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында "Қазақалтын" компаниясына тиесілі 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ресми мәліметке сәйкес, 2 наурызға қараған түні "Қазақалтын" тау-кен комбинатында катодтық алтын ұрлап кеткен. Компанияға ірі көлемде шығын келді.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 4-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Шығынның жалпы көлемі 122 миллион теңгені құрап отыр.

"Осы іске қатысты адамдарды анықтау мақсатында арнайы шұғыл тергеу тобы құрылды. Оның құрамына криминалды полиция мен тергеудің тәжірибелі мамандары еніп отыр", – дейді полицейлер.

Оқи отырыңыз: Айдос Сарым жұрттың ашуын келтірген депутаттық төсбелгінің неге қымбат екенін түсіндірді

715
Кілт сөздер:
Ақмола облысы, ұрлық
Тақырып бойынша
"Алтын қима": сұлулық қалай өлшенетінін білесіз бе – фото
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандықтар 2020 жылы 21 мыңнан астам алтын құйма сатып алған
"Қара" алтын іздеушілер: кеніштердегі заңсыздарға тосқауыл болатын не
Қазақстандық миллиардер Абрамовичтен 900 млн долларға не сатып алғаны жарияланды