Кісен, архивтегі сурет

Өскеменде қылмыс жасаған үш полицейге сот үкімі шықты

1596
Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылардың парақорлық және алаяқтық жасағаны анықталды, сот үкім шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Өскеменнің қылмыстық соты парақорлық және алаяқтық жасады деп айыпталған қалалық полиция басқармасының үш қызметкеріне сот үкімін шығарды.

Іс материалдарына сүйенсек, полицейлер алдын ала сөз байласып, 2020 жылдың 20 мен 26 маусымы аралығында алаяқтық жасап, жүргізушілерден пара алып отырған. Тәртіп сақшылары көлік иелеріне жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартпауға уәде еткен.

Сот процесі кезінде күдіктілердің кінәсі толығымен дәлелденді.

Тағы оқыңыз: Полиция басшылары ұсталды - ІІМ видео жариялады

Патрульдік полиция батальонының екі инспекторы жеті жарым жылға сотталды. Үшіншісі жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Үшеуі де қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтейді.

1596
Кілт сөздер:
үкім, полиция, Өскемен
Тақырып бойынша
Блок бекеттегі апат: Алматыда бұрынғы полицейге сот үкімі шықты
Рука ребенка, иллюстративное фото

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз қайтыс болды

117
Бала бір айдан астам уақыт комада жатты, ол есін жимастан көз жұмды

ПЕТРОПАВЛ, 27 ақпан – Sputnik. Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері сәбидің өмірі үшін бір айдан астам күресті.

"Бала комада жатты, ол есін жимастан қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 17 қаңтарда ауруханаға ессіз күйде үш жасар қыз жеткізілді. Баланы ұрып-соқты деген күдікпен 22 жастағы анасы ұсталды.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел нәрестені дүниеге әкелген соң оны асырауға жағдайы болмағандықтан уақытша балалар үйіне берген. Ол қызына келіп тұрған, ал бес айдан кейін 2017 жылдың желтоқсанында оны алып кеткен. Осыдан кейін бала әкесінің үйінде тұрады. 2020 жылдың 25 желтоқсанында ер адам қызды шешесіне қайтарады. 17 қаңтарда сәби "бас жарақаты" диагнозымен ауруханаға түседі.

Қыз мүгедек болған, оған сегіз айында сал ауруы диагнозы қойылды.

Баланың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол тергеу аяқталғанша уақытша ұстау изоляторында отырады.

117
Қостанай облысында малшы құтқарылды

Қар астында көміліп жатқан: бір апта бұрын жоғалған малшы табылды - видео

6103
(Жаңартылды 18:00 27.02.2021)
Жергілікті шаруашылықтардың бірінде малшы болып істейтін 49 жастағы ер адам жылқыларды іздеуге шығып, адасып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Амангелді Тұржанов 20 ақпанда Амангелді ауданында жоғалып кеткен. Ол түнде жылқыларды іздеуге шыққан.

"Іздеу жұмыстарына елуге жуық адам қатысты, бұл полицейлер, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ 49 жастағы ер адамды іздеуге 26 ақпанда Нұр-Сұлтаннан тікұшақ жіберілді. Тікұшақтан жылқыны көрдік, оның жанынан ер адам табылды. Ол қар басқан қамыстың астында жатып аман қалған", - дейді құтқарушылар.

Лошадь, которая была с пастухом
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Құтқарылған малшының жылқысы

Ауыл тұрғыны құтқарылғаннан кейін медициналық көмек көрсету үшін Жезқазғанға жеткізілген.

Айта кетсек, бұған дейін тағы бір Қостанай тұрғыны Федор Попов Ақтөбеден қайтып келе жатқанда өлім құша жаздаған болатын. Ол құтқарушыларды қар құрсауында бір тәуліктен аса уақыт күтті. Ер адам көп қозғалғанның арқасында аман қалған.

6103
Автомобиль скорой помощи

Түркістандағы төрт баланың өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

1966
(Жаңартылды 22:57 27.02.2021)
Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі, деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Бес адамның мәйіті табылған үйдегі газбен жылыту жабдығы

Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

1966
Кілт сөздер:
өлім, Түркістан