Архивтегі фото

Өткен жылы жазда елді дүрліктірген оқиғаға қатысты ешкім күтпеген ақпарат жарияланды

8224
(Жаңартылды 17:17 13.02.2021)
Сәтбаев қаласындағы 5 жасар қызды зорлау оқиғасына қатысы бар деген күдікпен ерлі-зайыпты жауапқа тартылып жатыр  

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлады деген күдікпен тағы екі адамнан жауап алынып жатыр.  

Тергеу мәліметінше, өткен жылы шілдеде қаршадай қызды пәтерге 62 жастағы үй иесі кіргізіп алған. Бейкүнә баланың туыстары мен көршілері қызды іздей бастағанда, пәтер иесі де түк болмағандай солармен бірге жүрген. Сөйтсе ол қорғансыз қызға дәрі беріп ұйықтатып тастаған, деп хабарлады КТК.

Ақыры күдік туғызған пәтерге еріктілер мен полицейлер басып кіріп, қызды төсектің астынан ес-түссіз күйінде тапты. Осыдан кейін жиналған жұрт пәтер қожайынын өзіміз жазалаймыз деп арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

Көп уақыт өтпей, күдікті өткен жылдың қараша айында тергеу абақтысында асылып өлді. Ал оның қасында қонаққа келген ерлі-зайыптының болғаны белгілі болды. Енді сотта осы екеуі жауап беруде. Ал қаланың астаң-кестеңін шығарып, бұзақылық жасағандардың арасында кәмелетке толмағандар да бар екен. Сондықтан олардың ісін ювеналды сот қарайды.

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған ер адам изоляторда өлі табылды 

"Бүгінгі күні аталған іс бойныша 57 күдікті жауапқа тартылып жатыр. Олардың 44-іне бұлтартпау шарасы, қамауда ұстау шарасы қолданылған. Бесеуі – үйқамақта, үшеуі ата-анасының қарауына берілген, екеуі ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен және үшеуі іздеуде жүрген. Оның біреуі анықталды", - дейді Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрсұлтан Қалдырбай.

8224
Тақырып бойынша
Сәтбаевтағы толқу: министр Тұрғымбаев мән-жайды баяндады
"Жалаңаш кісіні көрдім": Сәтбаевтағы сойқанға қатысты тың дерек шықты   
Сәтбаевтағы қыз зорлау оқиғасы: тергеу изоляторының басшылығы жазаға тартылды
Қостанай облысында малшы құтқарылды

Қар астында көміліп жатқан: бір апта бұрын жоғалған малшы табылды - видео

3274
(Жаңартылды 18:00 27.02.2021)
Жергілікті шаруашылықтардың бірінде малшы болып істейтін 49 жастағы ер адам жылқыларды іздеуге шығып, адасып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Амангелді Тұржанов 20 ақпанда Амангелді ауданында жоғалып кеткен. Ол түнде жылқыларды іздеуге шыққан.

"Іздеу жұмыстарына елуге жуық адам қатысты, бұл полицейлер, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ 49 жастағы ер адамды іздеуге 26 ақпанда Нұр-Сұлтаннан тікұшақ жіберілді. Тікұшақтан жылқыны көрдік, оның жанынан ер адам табылды. Ол қар басқан қамыстың астында жатып аман қалған", - дейді құтқарушылар.

Лошадь, которая была с пастухом
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Құтқарылған малшының жылқысы

Ауыл тұрғыны құтқарылғаннан кейін медициналық көмек көрсету үшін Жезқазғанға жеткізілген.

Айта кетсек, бұған дейін тағы бір Қостанай тұрғыны Федор Попов Ақтөбеден қайтып келе жатқанда өлім құша жаздаған болатын. Ол құтқарушыларды қар құрсауында бір тәуліктен аса уақыт күтті. Ер адам көп қозғалғанның арқасында аман қалған.

3274
Бала, архивтегі сурет

СҚО тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді - оқиғаның мән-жайы

1549
(Жаңартылды 14:01 27.02.2021)
Полицияда кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасау ерекше бақылауда екенін атап өтті. Аса ауыр қылмыс санатына жатады

ПЕТРОПАВЛ, 27 ақпан — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 16-дағы бозбала 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жәбірленушінің тәтесі кінәліні жазалауды талап етіп, үндеу жариялады.

"Мен Ясновка ауылының тұрғынымын. 10 жасар бауырымды 16 жастағы бозбала зорлады. Явленка аудандық полиция бөлімі арызды жанжалмен қабылдады. Петропавл қаласында сараптама тағайындалды. Бауырымды тексерген кезде жәбірлеу фактісі анықталды. Енді қорытындыда еш жағдай болмағаны айтылған", - деді әйел.

Оның айтуынша, бозбаланың өзі зорлық болғанын мойындаған. Әйел іс тоқтап қалып, күдікті тиісті жазасын алмайды деп қорқады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қаралып жатқанын хабарлады.

Тиісті сараптама тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицияда кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасау ерекше бақылауда екенін атап өтті. Аса ауыр қылмыс санатына жатады.

Болған жағдайды айтып, қоғамдық резонанс тудырған әйел де қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚК 423-бабы 1-бөлігіне ("Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету") сәйкес, 2 АЕК (1 АЕК - 2 917 теңге)  айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

1549
Кілт сөздер:
зорлық-зомбылық, жасөспірім, СҚО
Тақырып бойынша
Алматы облысында екі мұғалім оқушы қыздарды зорлады деп айыпталып жатыр
Үштөбеде оқушыны зорлады деген күдікке ілінген мұғалімдерге қатысты ақпарат жарияланды
Екібастұздық блогер бала зорлады деген күдікпен қамалды – видео
Танысын зорлады: Алматыда бұрынғы прокурор мен банк менеджері сотталды
Әлемге әйгілі актерге әйел зорлады деген айып тағылды – БАҚ
Қазақстан мен Қырғызстан тулары

Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келеді: Тоқаев пен Жапаров не талқылайды

10
Қазақстан Қырғызстаның жаңа президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен келетін екінші ел болмақ

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан басшылары мемлекеттік сапар барысында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қояды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға 2-3 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді.

"Шағын және кең құрамдағы келіссөздер барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады деп көзделіп отыр. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болады", - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Орталық Азия, ЕАЭО мен өзге де құрылымдарда интеграциялық процестерді дамыту, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ.

Айта кетсек, Қырғызстанның жаңа президентінің Қазақстанға сапары сайлаудан кейін бірден жоспарланған еді. Бірақ президентікке сайланғаннан кейін Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады.

10
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан