Кісен

Әлеуметтік желіде жарияланған шағымнан соң Қарағандыдағы түрме тексерілді

1205
(Жаңартылды 15:48 18.02.2021)
Семенованың шағымынан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері мен арнайы прокурорлар колонияға барған

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Құқық қорғаушы Елена Семенова әлеуметтік желі арқылы Қарағанды ​​облысындағы АК-159/6 колониясындағы зорлық-зомбылық фактілеріне шағымданған болатын. Аймақтағы қылмыстық атқару жүйесі департаменті арнайы тексеріс жүргізіп, мұндай деректерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елена Семенова сотталушыларға қатысты зорлық-зомбылық туралы жазбаны Facebook-тегі парақшасында жариялаған.

Қоғам белсендісінің айтуынша, өзіне Долинка ауылындағы АК-159/6 қатаң режимдегі колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушылардың туыстары жүгінген. Олар мекеме қызметкерлері тұтқындарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсететінін айтқан. Ал зорланбаған адамдарды осындай әрекетпен қорқытады деген болжам бар. Мұндай деректің дәлелі ретінде құқыққорғаушы сотталушылардың туыстарымен жазысқан хаттардың скринін көрсетті.

Осы жағдайдан кейін Қарағанды ​​облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі Елена Семенованың шағымы тексерілгенін мәлімдеді. 17 ақпан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері мен арнайы прокурорлар колонияға барған.

"Қарағанды ​​облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің АК-159/6 мекемесінде сотталған Хубиев пен Цергибель және Ибрагимовқа қатысты заңсыз әрекет фактілері болмаған. Ағымдағы жылдың 17 ақпанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Қарағанды ​​облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратураның өкілдерімен бірлесіп, осы сотталғандарға сауалнама және физикалық сараптама жүргізілді. Олардың денесінен ешбір жарақат ізі табылған жоқ. Сотталушылар күш қолдану мен заңсыз ықпал етудің басқа да фактілерін жоққа шығарды", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: "Түрме вице-министрдің көзімен": Суханбердиева кітап жазды

Айта кетейік, бұған дейін АК-159/6 колониясындағы сотталушыларды ұрып-соғу фактілеріне шағымдану туралы хабарланған.

1205
Кілт сөздер:
Қарағанды облысы, тексеріс, түрме
Тақырып бойынша
Ермегияевтің бар жағдайын жасаған түрме басшысы мен орынбасары қамауға алынды
Түрме қызметкерін ұрған қылмыскердің жаза мерзімі ұлғайтылды
Жынысын өзгерткен трансгендер қыз түрме қызметкеріне күш қолданбақ болды
Қасымов: соңғы жылдары түрме халқының саны айтарлықтай азайды
Таразда бұрынғы түрме бастығы жеті жылға сотталды  
Архивтегі фото

"Малсың деген": Желіде тараған видеодағы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты

514
Дүкенде тұрған 3 қыздың біреуі ер адаммен сөзге келіп қалып, оған "мал" деп айтқан. Ол бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап қалған, дейді жәбірленушінің анасы

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Павлодарда орталық көшелердің бірінде ер адамның 13 жастағы қызды не үшін тепкілеп тастағаны белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Это Павлодар, детка 🤷🏼‍♂️ (@pavlo.detka)

Айта кетейік, ер адамның жасөспірімді қуып барып, құлатып, ұрып, теуіп жатқаны сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алайда ешкім оған араша болмаған. Оқушы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын телефон арқылы айтып берді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

"Ол менің қызымды басқа қызбен шатастырып алыпты. Дүкенде 3 қыз тұрған. Қыздардың біреуі онымен сөзге келіп қалып, ер адамға "мал" деп айтқан. Ер адам бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап қалып, оған тап беріпті. Осы сәтте ол дүкеннен қашып шыққан. Кейін қылмысын жасыру үшін жаңағы жігіттің әйелі менің қызыма 2 мың теңге беріпті. Күні бойы күттік. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Енді тиісті жазасын алуын сұраймын", - дейді зардап шегушінің анасы.

Аты-жөнін атамауды сұраған қыздың анасы баласының түрлі дене жарақатын алғанын айтады. Қолы мен аяғы көгеріп, арқасы ауырып қалған.

Тәртіп сақшылары күдіктіні дереу тапты. Алайда ол кінәсін мойындаудан бас тартқан.

Оқи отырыңыз: Павлодарда жасөспірім қызды қуып жетіп, бір тепкен ер адам тергеуге алынды – видео 

Полиция оның қылмысы дәлелденсе, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін екенін хабарлады.

Әзірге аталған факті бойынша арнайы сараптама жасалып, тексеруге жөнелтілген.

514
Теміртау қаласы

Қақаған аязда қала жылусыз қалды: Теміртау әкімі жағдай қашан қалыпқа келетінін айтты

31
Қала әкімінің айтуынша, тұтынушылар үшін жылуға ақы төлеу мәселесі қарастырылып, қайта есеп жүргізілетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Жылу электр станциясындағы апатқа байланысты жылу беру тоқтатылған Теміртау қаласының әкімдігі жұма күні жағдай қалыпқа келетіндігін мәлімдеді.

Бейсенбі күні Теміртау қаласының тұрғындары ЖЭО-2-дегі жөндеу жұмыстарына байланысты жылусыз қалған болатын. Қала әкімі Қайрат Бегімов "АрселорМиттал Теміртау" ЖЭО-2 қазандығындағы жағдайды түсіндіріп, қала тұрғындарынан кешірім сұраған.

Сонымен қатар, ол тұтынушылар үшін жылуға ақы төлеу мәселесі қайта есептелетінін ескертті.

"Сағат 07.00-дегі жағдай бойынша ЖЭО-2-дегі 3 қазандық жұмыс істеп тұр, екеуінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазандықтар сағат 11.00 мен 13.00 аралығында іске қосылады. Жалпы қаладағы температуралық режим сағат 13.00-ге дейін қалпына келтіріледі", – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Теміртауда бейсенбіде күні ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетті. Ал жұма күні қалада -27 градус аяз болды.

Оқи отырыңыз: Павлодарда құбыр жарылып, бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды – видео

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалалық білім басқармасы 0-11 сынып оқушылары үшін қашықтықтан форматта сабақ өтетіндігін хабарлады.

31
Кілт сөздер:
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ, жылу
Тақырып бойынша
Қай қала тұрғындары жылу үшін ең көп ақша төлейді
Ақмола облысындағы ауыл мектебінде қазандық өртенді, құрбан болғандар жоқ
Қошанов Шаханда жарылған қазандық жайында: апат қайталанбайды
Екі есе ақыны не үшін төлейміз: елорда тұрғындары жылу бағасына наразылық білдірді
Алматының қақ ортасында жылу құбыры жарылды: төрт адам күйіп қалды - видео
Архивтегі фото

Жұмаға қараған түні белгісіз біреулер мектепке баса-көктеп кірді

0
Нигерияда террористер түнгі уақытта қыздарға арналған мектепке басып кірген. Жергілікті тұрғындар оқушы қыздарды құтқару үшін содырларды іздестіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Нигерияның солтүстік-батысындағы Замфара штатында қаскүнемдер мектепке баса-көктеп кіріп, 300 оқушыны ұрлап әкетті, деп хабарлады РИА Новости жергілікті PM News газетіне сілтеме жасап.

Оқиға жұмаға қараған түні Джангебе елді мекенінде болған. Ондаған содыр мектеп жанындағы әскери бекетке оқ атып, одан кейін білім ордасына басып кірген. Адам ұрлығы түнгі сағат 02:00 шамасында болған.

5 маусымдағы қырғын: 2016 жылғы Ақтөбедегі терактінің белгісіз тұстары

Жергілікті басылым кейбір әскерилер жарақат алуы ықтимал екенін жазды, дегенмен оқыс оқиғадан көз жұмғандар бар-жоғы әзірге белгісіз. Елді мекен тұрғындары оқушы қыздарды құтқару үшін қаскүнемдерді іздестіріп жатыр.

Айта кетейік, өткен жылы Ниегрияның Кацина штатында осыған ұқсас жағдай болған.

0
Тақырып бойынша
Көп адам өлер еді: ҰҚК Алматыда жоспарланған терактіге қатысты мән-жайды айтты
13 жасында босанды: Сириядан оралған қазақстандық балалардың ауыр тағдыры - видео
Мешіттегі қанды қырғын: желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды
Террористік топтардың қатарында қанша қазақстандық жүргені белгілі болды