АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде күтпеген жағдай болды. Әкім сөйлеп тұрғанда мінберге бекітілген Елтаңба жерге түсіп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әкімнің халықпен кездесуі онлайн форматта өтті. Есеп беру тікелей эфирде көрсетілді.
Аймақ басшысы облыс тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп жатқанда Елтаңба түсіп кетті. Әкім сөзін тоқтатып, жанындағыларға "алсайшы ананы" деп, рәмізді көтеруді тапсырды. Содан кейін әрі қарай сұрақтарға жауап беруді жалғастырды.
Айта кетейік, Жамбыл облысы әкімінің есеп беру кездесуі 19 ақпанда өтті.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында үш қызды дүниеге әкелді.
Шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды. Бүгінде нәрестелерді №1 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері бақылауға алған, деп хабарлады Otyrar.kz.
"Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұлым мен екі қызым асыға күтіп отыр. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс", – дейді көпбалалы ана.
Жаңа туған сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.
Ақ халаттылардың біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтарды анасы бауырына басты. Себебі жеті жарым айлық нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымаған, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?
Айта кетейік, жыл басынан бері орталықта 1571 бала дүние есігін ашқан. Олардың 38-і егіз болса, екеуі үшем.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов 8 наурызға қараған түні Қостанай полициясының қызметкері жасаған қылмыстың жай-жапсарын баяндады. Жанжалдасқан екеу сыныптас екені анықталды.
Облыс полициясының бастығы қарсыласын тіркелген қарумен атып тастаған қызметкердің департамент құрылымында басшылық қызмет атқармағанын, қарапайым бағдарламашы болғанын атап өтті. Ол қақтығысқа не себеп болғанын да хабарлады.
"Екі сыныптастың арасында жанжал шыққан. Ол оннан астам адам тіркелген чатта жалғасқан. Бағдарламашыға сыныптасы қоқан-лоқы жасаған", - деп жазды Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, полицейдің сыныптасы оған қарулы адамдар жібергенін айтып, өлтіремін деп қорқытқан. Ондай хабарламаны бірнеше рет жазған.
"Бұрын сотталған сыныптас ішімдік ішіп, 8 наурызда түнгі сағат үш шамасында танысымен бірге полицейдің үйіне келген. Ол оған тағы да қоқан-лоқы жасаған. Өзінің атына тіркелген қаруды алып шыққан полицей оқ атқан, жәбірленуші көз жұмды", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы.
Аймағамбетов қазіргі уақытта полиция қызметкері қамауға алынғанын хабарлады.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі – "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуден бөлек, ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Іс ерекше бақылауға алынды.
Оқи отырыңыз: Қостанайда ер адам құрдасын өлтірді - полицей ұсталды
Еске сала кетейік, бұған дейін 8 наурызға қараған түні Қостанайдағы Тәуелсіздік көшесінде ер адам ерегіскен қарсыласын атып өлтіргені хабарланған болатын.
Кейін күдіктінің құқық қорғау органының қызметкері екені белгілі болды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. WhatsApp мессенджері iPhone-ның ескі модельдерінде жұмысын тоқтатады, деп хабарлады WABetaInfo порталы.
iOS-ке арналған қосымшаның соңғы бета-нұсқасында iOS 9 және одан төмен операциялық жүйе орнатылған құрылғыларға қолдау көрсету тоқтатылды. WhatsApp-тың ресми ресурсында бұл ақпарат әлі расталған жоқ.
Қазіргі уақытта мессенджер қолдау жасайтын iPhone-ға арналған операциялық жүйелердің ресми тізімінде iOS 9 немесе одан жаңа нұсқалары бар.
Оқи отырыңыз: Жаңа жылдан бастап кейбір телефондарда WhatsApp істен шығады
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мессенджер жоғарыда аталған iOS 9 немесе Android 4.0.3-ке дейінгі операциялық жүйені жаңартпан қолданушылардың құрылғыларында жұмысын тоқтатқан болатын.