НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында азық-түлік дүкендерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды.
Оқиға 21 ақпанда болды, деп хабарлады Орал полиция басқармасының бастығы Марлан Айкенов.
"Таңғы сағат 9:15-те екі адам "Транзит" дүкеніне кіріп, сатушыны байлап тастап, ақшаны алып кеткен. Сыртқы келбеті азиялық екі жігіт күдікке ілінді. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп "Мой город" басылымы басқарма басшысының сөзінен үзінді келтірді.
Оқи отырыңыз: Белгілі актер жұрттың көзінше дүкенді тонап кетті – видео
Бұл бап бойынша қылмыскерлер үш жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Қазір тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтап жатыр.
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Түркістанда әйел мен оның төрт баласының қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев бес адамның қаза болу себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізген.
"Облыс басшысы полиция департаментіне, төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау басқармасының психологтары қайтыс болған жандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсетеді. 5 адамның денесін жерлеу орнына жеткізу үшін көлік берілді, жерлеуді ұйымдастыруға қосымша жәрдем көрсетіледі.
27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен төрт баланың мәйіті табылғаны хабарланды. 40 жастағы әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Үйде газбен жылытатын жабдық қойылған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу үшін Шымкент қаласына кеткені белгілі болды.
ПЕТРОПАВЛ, 27 ақпан – Sputnik. Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері сәбидің өмірі үшін бір айдан астам күресті.
"Бала комада жатты, ол есін жимастан қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 17 қаңтарда ауруханаға ессіз күйде үш жасар қыз жеткізілді. Баланы ұрып-соқты деген күдікпен 22 жастағы анасы ұсталды.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел нәрестені дүниеге әкелген соң оны асырауға жағдайы болмағандықтан уақытша балалар үйіне берген. Ол қызына келіп тұрған, ал бес айдан кейін 2017 жылдың желтоқсанында оны алып кеткен. Осыдан кейін бала әкесінің үйінде тұрады. 2020 жылдың 25 желтоқсанында ер адам қызды шешесіне қайтарады. 17 қаңтарда сәби "бас жарақаты" диагнозымен ауруханаға түседі.
Қыз мүгедек болған, оған сегіз айында сал ауруы диагнозы қойылды.
Баланың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол тергеу аяқталғанша уақытша ұстау изоляторында отырады.
АЛМАТЫ, 28 ақпан — Sputnik. Алматыда сенбі кешке Сейфуллин мен Төреқұлов көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
№123 автобус Hyundai Elantra көлігіне соғылады, ол жол жиегіне ұшып кеткен. Бұған қоса автобус жол-жөнекей электр қалқанын құлатып, бағдаршамның жануын күтіп тұрған екі адамды қағады. Әрі қарай автобус автотұрақ аумағына кіріп кетіп, Mega park қабырғасына барып соғылады. Сондай-ақ ол тұрақтан шығып келе жатқан Volkswagen Polo көлігін соққан.
Апат салдарынан бес адам зардап шекті – автобус жүргізушісі, Volkswagen Polo жүргізушісі мен екі жолаушысы және жаяу жүргіншілер жолында тұрған екі адам. Соңғы екеуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.
Автобус жүргізушісінің не себепті рөлге ие бола алмай қалғаны әзірге белгісіз. Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.