Өңірлер

Жаңатастағы трагедия: отбасының туыстары қазақстандықтарға үндеу жасады – видео

© предоставлено пресс-службой КЧС МВД РКНа месте пожара, в котором погибли пятеро детей
На месте пожара, в котором погибли пятеро детей - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Отбасының туысы Саидмұхаммед Әбдімәліков бес баласынан айырылған әулет қаржылай көмекке мұқтаж еместігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қайғыға душар болған отбасының туыстары қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды сұрады, деп хабарлады "Хабар" агенттігі.

Отбасының туысы Саидмұхаммед Әбдімәліков бес баласынан айырылған әулет қаржылай көмекке мұқтаж еместігін айтты.

"Кейбір адамдар пәтерде жылу болмаған, жылытқыштар қолданылған деп жазып жатыр. Мұның бәрі өтірік! Мұндай болған жоқ, болуы мүмкін емес еді", - деді Саидмұхаммед Әбдімәліков.

Ол оқиға, шын мәнінде, қалай болғанын айтып берді. 

"Келін үйде балалармен отырған, ол дүкенге шығып кетті. Балалар сол кезде сіріңкемен ойнап, ойыншықтар жанған", - деді ер адам.

Әбдімәліковтер отбасы қайғыға ортақтасқан адамдарға алғыс білдірді.

Жаңатастағы трагедия

Трагедия 19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында болды. Пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болды. 2 ұл мен 3 қыз газдан уланып көз жұмды.

Өрт шыққан кезде балалардың анасы дүкенге кеткен. Әкесі жұмыста болған.

Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғысын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына жұбату лебізін білдірді. Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-анасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев мәселені жеке бақылауына алғанын жеткізді.

Жаңалықтар
0