Өңірлер

Талдықорған әкімі отставкаға кетті ме – ресми жауап

© Photo : Facebook / акимат города ТаразАким Талдыкоргана Галымжан Абдраимов
Аким Талдыкоргана Галымжан Абдраимов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Талдықорған әкімінің баспаөз хатшысы қала басшысы мен оның қарамағындағы бірқатар қызметкердің отставкаға кеткені туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

НҰ-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы қала басшысы Ғалымжан Әбдірайымовтың қызметтен кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Әбдірайымов қызметтен кетуге өтініш бергені туралы ақпарат тарады. Шаһар басшысымен бірге оның орынбасары Сайлауғали Байназаров пен қаланың бас архитекторы Абай Лесбеков те жұмыстан босатылатыны хабарланды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тоғыз бірдей әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Осы ақпаратқа қатысты Талдықорған әкімдігіндегілер мәлімдеме жасап, қала әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы басшысы жұмыс орнында екенін айтты.

"Әкім, оның орынбасары және бас архитектор өз қызметтік міндеттерін орындауды жалғастырып жатыр. Жұмыстан кету туралы өтініш ұсынғаны және өз қызметінен бас тартқаны туралы ақпарат жалған екенін мәлімдейміз", - деді баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 55 жастағы Ғалымжан Әбдірайымов Талдықорған қаласының әкімі болып 2019 жылдың сәуір айында тағайындалды. Бұған дейін ол Тараз қаласының әкімі қызметін атқарды. Әр жылдары Жамбыл және Алматы облысы әкімдерінің орынбасары қызметінде болды.

Бұған дейін Еңбекші қазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаевқа қатысты да дәл осы секілді жалған ақпарат тараған болатын. Облыстағы ең ірі ауданның басшысы жұмыс сапарымен аудандарды аралаған кезде БАҚ пен әлеуметтік желіде оның өз еркімен жұмыстан кеткені туралы ақпарат тарады.

Жаңалықтар
0