Өңірлер

Шығыс Қазақстанда егде жастағы ер адам көршісіне ұятсыз видеолар жіберген

© Photo : PixabayСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
49 жастағы әйел порнографиялық видеолар жібергені үшін 58 жастағы көршісінің үстінен полицияға арызданған

АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны көрші әйелге интимді видеолар жіберген, деп хабарлады облыстың полиция департаменті.

Полиция ақпаратына сәйкес, екеуі де Аягөз ауданындағы бір ауылда тұрады. Порнографиялық видеоны жіберетін азамат 58 жаста, ал әйел 49-да. Бастапқыда әйел көршінің ерсі әрекетіне мән бермеген. Кейіннен полицияға арыз жазды.

Қазір ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы (порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оған екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін (5 834 000 теңге) айыппұл салынуы мүмкін немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп немесе бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Оқи отырыңыз: Шымкент әкімі: Егер телефонмен айта алмасаң, онда мүлдем келме – видео

Айта кетейік, бұл Қазақстанда болған алғашқы жағдай емес. Біршама уақыт бұрын Батыс Қазақстан облысында ер адам мас күйінде интимді видеоқоңырауы үшін қамауға алынған.

25 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны мас күйінде бірге жұмыс істейтін әріптесінің телефонымен басқа біреуге қоңырау шалған. Кейіннен ол жеті күнге қамалды.

Жаңалықтар
0