Өңірлер

Қар астында көміліп жатқан: бір апта бұрын жоғалған малшы табылды - видео

© Photo : МЧС Республики КазахстанСпасение пастуха в Костанайской области
Спасение пастуха в Костанайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2021
Жазылу
Жергілікті шаруашылықтардың бірінде малшы болып істейтін 49 жастағы ер адам жылқыларды іздеуге шығып, адасып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Амангелді Тұржанов 20 ақпанда Амангелді ауданында жоғалып кеткен. Ол түнде жылқыларды іздеуге шыққан.

"Іздеу жұмыстарына елуге жуық адам қатысты, бұл полицейлер, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ 49 жастағы ер адамды іздеуге 26 ақпанда Нұр-Сұлтаннан тікұшақ жіберілді. Тікұшақтан жылқыны көрдік, оның жанынан ер адам табылды. Ол қар басқан қамыстың астында жатып аман қалған", - дейді құтқарушылар.

© Photo : МЧС Республики КазахстанҚұтқарылған малшының жылқысы
Қар астында көміліп жатқан: бір апта бұрын жоғалған малшы табылды - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2021
Құтқарылған малшының жылқысы

Ауыл тұрғыны құтқарылғаннан кейін медициналық көмек көрсету үшін Жезқазғанға жеткізілген.

Айта кетсек, бұған дейін тағы бір Қостанай тұрғыны Федор Попов Ақтөбеден қайтып келе жатқанда өлім құша жаздаған болатын. Ол құтқарушыларды қар құрсауында бір тәуліктен аса уақыт күтті. Ер адам көп қозғалғанның арқасында аман қалған.

Жаңалықтар
0