Ержан Жасыбаев

Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды

288
Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Ержан Жасыбаев әкім болды

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Ержан Жасыбаев Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы туған. Өскемен жол-құрылыс институтын құрылысшы инженер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл облысында ҚазССР Автокөлік жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 жол шебері болып бастаған.

Әр жылдары ҚазССР Автомобиль жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 бас инженері, Жуалы ӨЖУ бастығы, "Жамбылавтожол" КМ-нің, "Қазақавтожол" РМКК Жамбыл филиалының, Қазақстан көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары Алматы мемлекеттік мекемесінің бас инженері болып жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасын тағайындады 

Алматы облысының автокөлік жолдары департаменті бастығының орынбасары, Алматы қаласында Қазақстан көлік және коммуникация министрлігі автомобиль инфрақұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық басқармасы директорының орынбасары, директоры, автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық басқармасының директоры, "ҚазАвтоЖол" ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры болды.

2014 жылдың қазан айынан – Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалымжан Әбдірайымов өз өтініші бойынша Талдықорған қаласының әкімі лауазымынан босатылды.

288
Тақырып бойынша
Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні ауыстырды
Экс-министр Дәленов жаңа қызметке орналасты
Жаңа қызметке тағайындалған Ринат Зайытов жалақысы қанша екенін айтты
Талдықорған әкімі отставкаға кетті ме – ресми жауап
Ордабасы клубы

"Масқара": Шымкентте ашынған жанкүйерлердің стадиондағы әрекеті видеоға түсіп қалды

273
Оқиға "Ордабасы" - "Ақтөбе" матчынан кейін болды, бұл кездесуде шымкенттік команда қарсыласынан 0-1 есебімен жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желілерде наразы жанкүйерлердің видеосы тарады. Автордың айтуынша, ролик  "Ордабасы" мен  "Ақтөбе" матчынан кейін түсірілген.

Видео астында жазылғандай, кадрлар Шымкент стадионының маңында түсірілген. Жанкүйерлер "Ордабасы" басшылығынан әңгімелесуге шығуын талап етіп, клуб автобусының жолын бөгеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Спорт Шрёдингера (@sportilinet)

Бұл іске құқық қорғау органдарының араласуына тура келді. Жағдай бейбіт жолмен реттелді: клуб басшылығы наразы жанкүйерлермен сөйлесіп, жақын арада баспасөз мәслихатын өткізуге уәде етті.

"Ордабасы" – "Ақтөбе" матчы 18 маусым кешке Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті. 0:1 есебімен ақтөбелік команда жеңді.

Шымкенттік клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында қолданушылар матчтың нәтижесіне көңілі толмағанын білдірген. "Масқара", "Клубты жабыңдар", "Қарауға бет жоқ", "Шымкент әкімін ақшаны оңды-солды шашқаны үшін отставкаға жіберу керек", "Мұндай хәлде Қазақстан кубогы үшін қалай таласасыңдар?, - деп жазды ашынған фанаттар.

Шымкент қаласының спорт басқармасы жағдайға түсініктеме берді.

"Өкінішке қарай тұрғындардың сүйікті командасы жеңілгенде мұндай жағдайлар болып тұрады. Мұндай әр елде болуы мүмкін, біздің елде де болды. Біздің команда тартысты бәсекеде жеңіліске ұшырады, осыған байланысты жанкүйерлер ашуланып, спортшылардың шығуына кедергі келтірді", - деді Sputnik Қазақстанға басқармадағылар.

Ведомствоның ақпаратынша, қазіргі таңда жағдай реттелді. Футболшылар өзін жақсы сезінеді, келесі жарыстарға дайындалып жатыр.

Футболдан Қазақстан чемпионатының 15 турының қорытындысы бойынша шымкенттік "Ордабасы" 21 ұпаймен алтыншы орында келе жатыр. Клуб 22 маусымда өтетін матчта елордалық "Астанамен" ойнайды.

273
Кілт сөздер:
жанкүйерлер, Ақтөбе, Ордабасы, Шымкент
Тақырып бойынша
Калининградта жанкүйерлер Қазақстан құрамасына тосынсый жасады – видео
Нұр-Сұлтанда жанкүйерлер арасында төбелес болды – видео
Хоккейден Қазақстан құрамасын жанкүйерлер ерекше қошеметпен қарсы алды – видео
Қазақстан өңірлерінде жанкүйерлер стадионға Ashyq арқылы кіргізілуі мүмкін
Кісен, архивтегі фото

Алматыда сотталушыға күш көрсеткен абақты қызметкерінің өзі түрмеге түсті

107
Ол "Билік немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым — Sputnik. Алматының Түркісіб аудандық соты Қазақстан ІІМ ҚАЖК ЛА-155/18 мекемесінің режимдік бөлім және күзет қызметкері Ережеповты алты жылға соттау туралы үкім шығарды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Ол сотталушыға арнайы құралдармен (кісен және резеңке таяқшаны қолдану) күш көрсетті деп айыпталды. Уақытша ұстау изоляторының қызметкері осы әрекеті арқылы сотталушының денсаулығына, заңды құқықтарына және мүдделеріне үлкен зиян келтірген.

Оқи отырыңыз: Ақтаудағы тергеу абақтысында түсірілген видео тарап кетті – тексеріс басталды 

Ережепов Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-тармағы (Күш және қару немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша сотталды.

107
Тақырып бойынша
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
"Бәрі өз еркіммен болды". Ақтөбелік әйел өзін жабылып зорлағандарды ақтап отыр
Жынысын ауыстырған жігітті түрмеде зорлады: адвокаты мән-жайды түсіндірді
Әлеуметтік желіде жарияланған шағымнан соң Қарағандыдағы түрме тексерілді

Royal Ascot ат жарысындағы ерекше бас киімдер фото

0
Британияда өтетін ең танымал корольдік ат жарысы Royal Ascot кезінде бейсенбі дәстүр бойынша Әйелдер күні деп саналады

Алғаш рет мұндай күн 1832 жылы енгізілді де, сол шақтан бері ағылшындардың ең сәнді шарасына айналды.

Әйелдер күні – бұл патшайымның көңіл аударуы үшін қыз-келіншектер арасында өтетін жарыс. Әйелдер күнінің қорытындысы бойынша Елизавета ІІ патшайым есте қаларлықтай ең сәнді киім үлгісін киген аруды марапаттайды.

Мұндай киім үлгісін ойлап табу да оңай шаруа емес. Бір жағынан бәріне ортақ дресс-кодты сақтап, мейлінше қатаң стильді сақтауға тырысу керек, екінші жағынан шляпа дизайны бойынша ешқандай шектеу жоқ. Ал осы жылдан бастап Royal Ascot жарысына ер адамдар – көйлек, әйелдер – шалбар киіп келе алады. Бірақ дресс-код сақталуы шарт.

Жалпы Royal Ascot төңірегінде аңыз-әңгіме де, салт-дәстүр де көп. Оны танымал тұлғалар мен патшайымдар отбасы қолдап келеді.

Ең басты аңыз – ипподромның құрылу тарихы. Оның негізін қалаған Анна патшайым атпен серуендеп келе жатып, бос жатқан аумақты байқап қалады. Бұл 1711 жылы болған оқиға. Араға бір жыл салып дәл сол жерде алғашқы ат жарысы өтеді. Ол шара ағылшын элитасының ішінде жоғары деңгейде танымал болған.

Бұл ипподромды британдық тақтың иесі – ханзада Уильям шыққан адамдар басқарған.

0
  • © AP Photo / Alastair Grant

    Актерлер Ребекке Джонсон мен Брайан Манн Аскоттағы корольдік ат жарысының бірінші күнінде фотографтардың сұрауымен суретке түсіп тұр. Англия.

  • © AFP 2021 / Daniel Leal-Olivas

    Royal Ascot ат жарысының тарихы үш жүз жылдан астам уақытты қамтиды. 1711 жылы ипподромның негізін қалаған Анна патшайым атпен серуендеп келе жатып, бос жатқан аумақты байқап қалады.

  • © AFP 2021 / Daniel Leal-Olivas

    Британдық басқарушы әулет бұл жазық даланы 558 фунтқа сатып алған. Аскот ипподромының жобасы XVIII ғасырдың ортасында әзірленгенімен, ол 1960 жылы ғана заманауи үлгіде қайта жабдықталды. 2004-2006 жылдар аралығында оған реновация жүргізілді. Алайда бұл жағдай ат жарысын тоқтатуға себеп болған жоқ. Елизавета ІІ патшайым уақытша бұл шараны Йоркке ауыстырды.

  • © AP Photo / Alastair Grant

    Корольдік Royal Ascot ат жарысындағы дресс-код ғасырлар бойы қалыптасып келді. Осы жылы ер адамдар – көйлек, әйелдер – шалбар киіп келуіне болатыны сияқты жаңа ережелердің енгізілуіне қарамастан, басты дресс-код бұзылмай келеді.

  • © AP Photo / Alastair Grant

    Шляпа, яғни қалпақшалар да – Аскоттағы бәйгенің бір бөлшегі. Дресс-код талабы бойынша шляпаның астыңғы тірек бөлігінің көлемі 10 сантиметрден кем болмауы керек.

  • © REUTERS / Andrew Boyers

    Аскоттағы ат жарысы кезінде дәстүр бойынша Ladies Day өтеді де, оның аясында аристократ қыз-келіншектер шляпаларының көлемі мен дизайны бойынша жарысқа түседі. Әйелдер күні алғаш рет 1823 жылы енгізілген болатын. Сол уақыттан бері ат бәйгесіне келгендер жарыспен қатар сән тақырыбын да қызу талқылап келеді. Ат жарысының үшінші күнінде қыз-келіншектер патшайымның олардың киім үлгісіне көңіл аударуы үшін жарысқа түседі. Жыл сайын дәл осы күні Елизавета ІІ патшайым ең ерекше, сәнді әрі жарасымды шляпа иесін марапаттайды.

  • © REUTERS / Andrew Boyers

    Аскотта әрбір елуінші жылы, кейде король ауысқан сайын өзгерістер енгізіліп тұрған. Бірақ дресс-код пен шляпа еш өзгеріске ұшыраған емес.

  • © REUTERS / Andrew Boyers

    Аскоттағы корольдік ат жарысы секілді консервативті салаға да техника жеткені байқалады.

  • © AFP 2021 / Daniel Leal-Olivas

    Коронавирус пандемиясы да ережелерді қайта қарауға мәжбүр етті. Сондықтан биылғы Royal Ascot әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде тағуды қарастырды.

  • © REUTERS / Peter Cziborra/Action Images

    Royal Ascot жарысына қатысу үшін шляпа мен фасинаторды ажырата білу керек. Себебі Анна патшайымның демалыс орнына тек шляпа киген сұлулар ғана кіре алады.

  • © AP Photo / Alastair Grant

    Шляпалар дизайны бойынша еркіндік берілгенімен, оның дресс-кодқа сәйкес қатаң әрі кербездікті паш ететін стильде болуы міндетті.

  • © AP Photo / Alastair Grant

    Аскоттағы ат жарысы кезінде патшайымды күнде көруге болады. Дәстүр бойынша Royal Ascot кезінде патша әулеті Виндзор сарайынан ашық жеңіл арбамен келеді.