Өңірлер

Қазақстанда Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң қабылданады

© Sputnik / А. Соломонов / Медиабанкке өтуСемей полигоны
Семей полигоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Жазылу
Ноғаевтың айтуынша, Қазақстан әлемдік уранның 42 процентін өндіру арқылы аталған нарықта көшбасшылық орынды сақтап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Семей сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң қабылдау жоспарланып отыр. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, биыл бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағын кешенді экологиялық тексеруді аяқтау жоспарланып отыр.

Зерттеу нәтижесінде бұрынғы сынақ аумағының радиоэкологиялық жағдайы айқындалады.

Сонымен қатар, ядролық аймақ туралы заң қабылданады.

"Семей сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай полигонның ластанған жерлерінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" заң қабылдау жоспарлануда", – деді Ноғаев энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Ол Қазақстан әлемнің табиғи уран нарығында көшбасшылық орынды сақтап отырғанын атап өтті. Республика уранның әлемдік өндірісінің 42%-ін өндіреді.

Оқи отырыңыз: Қытаймен бірлескен жоба: Қазақстанда ядролық отын өндіру зауыты салынып жатыр

Айта кетейік, жыл қорытындысы бойынша уран өндіру көлемі 19 586,6 тоннаны құрады. Ал 2021 жылы 22 575 тонна уран өндіру жоспарланған.

Жаңалықтар
0