Архивтегі фото

Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

759
(Жаңартылды 12:54 05.03.2021)
Тәртіп сақшылары мен учаскелік полиция инспекторлары барлық көше мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан тұрғындардан сұрастырған

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды, деп хабарлады Polisia.kz.  

2021 жылдың 3 наурызында Шымкент қаласы полиция департаменті Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасына толмаған қызы мектепке кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған.

Отбасы қызын өздері жан-жақты іздеп таппағаннан кейін полицейлердің көмегіне жүгінген. 

Шымкент қаласы полиция департаменті Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Тәртіп сақшылары мен учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көше мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жоғалған қыз аман-есен табылып, отбасымен қауышты.

759
жер

Жері заңсыз сатылып кеткен университет маңындағы тұрғындар үйсіз қалудан қорқады

0
(Жаңартылды 23:29 15.10.2021)
Халық университет мен әкімдік арасындағы соттың шешімі дұрыс болмай, үйсіз қаламыз деп үрейленіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қазақ ұлттық қыздар  педагогикалық университетіне тиесілі жерді заңсыз саудалағандар ұсталды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы. 

Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі күдіктілердің 9 гектар жер телімін сатқандарын мәлімдеді.

Ал талан-таражға кеткен учаскілерді кезінде сатып алып, үй салған халық қайда барарын білмейді. Жер телімдері тұрғындарға 3 жыл бұрын сатыла бастаған. Учаскілерді олар заңды құжатпен алғандарын айтады.

Халық ҚызПУ мен әкімдік арасындағы соттың шешімі дұрыс болмай, үйімізді тартып ала ма деп үрейленеді.

"Өзім 2019 да алдым жерді. Наурызда келіп фундамент құйдым. 80 процент халық тұрады осы жерде. Газ, су жүргізілді, өзіміздің ақшамызға жолды жөндеттік. Әр үй 40 мың теңгеден шығардық", - дейді Кемертоған ауылының тұрғыны Алмас Нұртазин.  

Ал облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі жерді заңсыз сатқандарды анықтады. Күдікті ретінде білім ордасының бұрынғы қызметкері, "Азаматтарға арналған үкімет" облыстық филиалының Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі, Қарасай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшылары ұсталған.

"Біз де жәбірленуші тараптанбыз. Университеттің балансындағы меншік жоғалып отыр", - дейді университеттің ресми өкілі Жандарбек Асан.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі агенттігі күдіктілерге қатысты тиісті тергеу шаралары жүріп жатқанын айтты.

Білім ордасының басшылары тергеу амалдарының әділ жүргізілетіне үмітті. Ал халық маңдай терімен алған жер телімінің бір қарысын да қайтармауға бекінген. Олар енді қол жинап президент атына хат жазбақшы.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
жер, заң бұзу, видео
Тақырып бойынша
Қазақстанда тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды
Қазақстанда 3,5 мыңға жуық студент оқыған университет жабылды
Вакцина салдырған студенттерге сыйлық беретін университет көбейді
Тағы бір университет жабылудың аз-ақ алдында тұр
мектеп

Будақтаған түтін мен балалардың айғайы: желіде тараған видео жұртты шошытты

26
(Жаңартылды 22:44 15.10.2021)
Енді балалардың денсаулығы үшін кім жауап береді, деп жазылған видео астында

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысының мектептерінің бірінде түсірілген видео жұртты алаңдатты. 

Видеодағы кадрда мектептің жоғарғы қабаттағы терезесінен түтін бе, бу ма шығып жатқаны көрінеді. Сондай-ақ балалардың шыңғырған дауысы естіледі.

Бұл кадр Ақтөбе облысының инстаграм пабликтерінің бірінде пайда болды.

"№9 мектепте сабақ үстінде тышқандар мен тарақандарды улауға кірісті. Улы бу барлық қабатқа тарады. Балалар шошып, айғайлай бастады. Түтін тамақты қырып, көзден жас ағызды. Сабақ үстінде улау жұмыстарын жүргізуге бола ма? Енді балалардың денсаулығы үшін кім жауап береді?", - деп жазылған видео астында.

"Мой город" басылымына облыстың санитарлық бақылау департаменті №9 мектепте тышқандарды улау туралы бұйрық берілмегенін хабарлады.

Дезинфекция мектептің жертөлесінде жүргізілген. Мұндай шараны бөлмеде заласыздандыруды жасаушы мамандардан өзге бөтен адамдар болмағанда өткізеді. Балалар арасында улану фактілері тіркелмеген.

"Мектепте жұмыстарды келісімшартқа отырған мекеме жүргізді. №9 мектеп директорына дезинфекцияны сабақ өтіп жатқан уақытта жүргізуге рұқсат бергені үшін сөгіс жарияланды", - деді қалалық білім беру басқармасындағылар.

Залалсыздандыруды "Дезинфекция қызметі" медициналық мекемесі жүргізгені белгілі болды. Мектептегілер дезинфекция "К-Отрин 50" ыстық буымен жасалғанын айтты. Ол тарақан, шыбын мен масаны жоюға арналаған улы зат.

Оқи отырыңыз: 

26
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, мектеп, түтін, видео
Тақырып бойынша
Желіде адамдарды улау үшін азық-түлікке химикат себеді деген ақпарат тарады
Шымкентте оқушы қыз әкесінің сыйлығымен сыныптастары мен мұғалімді улап тастады
"Бізді улап жатқан жоқ па?": Ақтау үстіндегі қою түтін жұртты алаңдатты - видео