Портфель

Өрттен 5 бала қайтыс болғаннан кейін аудан әкімі жұмыстан кетті

2333
(Жаңартылды 13:54 05.03.2021)
Бақытжан Жақсылықов Сарысу ауданы әкімі  қызметінен босатылды, ол бұл лауазымға 2020 жылы тағайындалған болатын

АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақпанда Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында бес бала өрт кезінде қайтыс болған еді.

"Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданы әкімі қызметінен босатылды", - делінген Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтында.

Бақытжан Алпысұлы 1972 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген.

Қазақ Ұлттық техникалық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқытушы болып бастаған.

Әр жылы Сарысу ауданы әкімі аппаратының, аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының бас маманы, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аудандық комитеттің төрағасы, Жаңатас қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2020 жылы Сарысу ауданының әкімі болып тағайындалды.

Бір үйдің 5 баласы көз жұмды – Жамбыл облысында пәтер отқа оранды

Айта кетейік, Жаңатас қаласы – Сарысу ауданының орталығы.

19 ақпанда Жаңатас қаласында пәтерде өрт шықты. Үйде бір жастан алты жасқа дейінгі 2 ұл мен 3 қыз болған, бәрі көз жұмды.

Оқиға сағат 15.15-те 2-ші шағын ауданда болған. 5-қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы көлемі 16 шаршы метр пәтерде өрт шықты. Үй заттары мен жиһаз жанып кетті.

Оқиға болған сәтте балалардың әкесі жұмыста болған, анасы дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған барлық балаға иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды. Бірақ біраз уақыттан кейін көз жұмды.

Мемлекет басшысы осы оқиғадан кейін бес баласы қайтыс болған отбасыға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Кейінірек 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді. Жерлеу рәсімін әкімдік өткізіп берді. Демеушілер қаражатына 3 бөлмелі пәтер алынды. Жергілікті кәсіпкерлер жиһаз бен тұрмыстық техника алуға көмектесті.

2333
Тақырып бойынша
Түркістанда 5 адамның денесі табылды: көршісі сол күні не болғанын айтты
Жаңбыр

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

5
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады. Кей өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Еліміздің тоғыз өңірінде ауа райының бұзулуына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

22 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай түсіп,  дауыл болады. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с болады.

22 маусымда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. Кей аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент пен Түркістан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады.

22 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, кей жерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз 22 маусымда Ақтөбе облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

22 маусымда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +39 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Қатты құрғақшылық болады – Қазгидрометтің маусым айына болжамы

Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с болады. Күндіз кей жерлерде 42 градус ыстық болады.

Облыстың оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

22 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде өрт қаупінің төтенше деңгейі болуы мүмкін.

Алматы облысында таулы аудандарда қатты жанбыр жауады. Кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с жылдамдыққа жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

5
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, ауа райы
Той, иллюстративті фото

Полицейлер 250 адам қатысқан тойды тоқтатты видео

28
Ресми мәліметке сәйкес, Шымкентте 20 маусым күні кешкі уақытта үйлену тойы ұйымдастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Шымкент қаласында карантин талаптарын бұзған мейрамхана анықталды. Полицейлер 250 адам қатысқан үйлену тойын қалай тоқтатқанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жексенбі, 20 маусым күні кешкі уақытта “HAYAT” мейрамханасында үйлену тойы ұйымдастырылған. Той иесі карантиндік шектеулерге қарамастан, қонаққа 250 адамды шақырған. Ал, мейрамхана қызметкерлері мен даяршылары бетпердесіз қызмет көрсетіп жүрген.

Полицейлер тойхана иесі мен той өткізген адамнан түсініктеме алды. Барлық материал тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Санитарлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша тиісті шара қолданады.

Оқи отырыңыз: Оралда тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынып қалған - видео

Айта кетейік, заң бойынша жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш (87 510 теңге), ал шағын және орта кәсіпкерлік нысандарға 230-310 айлық есептік көрсеткіш (670 910 – 904 270 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

28
Кілт сөздер:
Шымкент, той, полицейлер
Тақырып бойынша
Жасырын тойларды анықтайды: Цой айтып жүрген пилоттық жоба неге әлі басталған жоқ
"Тойды ұйымдастырған мен емес": Марат Омаров жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр
Келін деп алғаны қызы екен: күйеу жігіттің анасы таңғажайып сәтке тап болды
Таразда той кортежі жол ережесін өрескел бұзды – видео
Алматыда ер адам той үстінде атыс ашты – видео