Өңірлер

Түркістан облысында 8 наурыз қарсаңында үшем дүниеге келді

© Photo : pixabay.comРука младенца, иллюстративное фото
Рука младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Жазылу
Үш қызды дүниеге әкелген 34 жастағы көпбалалы ананың үйінде тағы екі ұлы мен екі қызы асыға күтіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 наурыз –  Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында үш қызды дүниеге әкелді.

Шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды. Бүгінде нәрестелерді №1 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері бақылауға алған, деп хабарлады Otyrar.kz.

"Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұлым мен екі қызым асыға күтіп отыр. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс", – дейді көпбалалы ана.

Жаңа туған сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.

Ақ халаттылардың біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтарды анасы бауырына басты. Себебі жеті жарым айлық нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымаған, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?

Айта кетейік, жыл басынан бері орталықта 1571 бала дүние есігін ашқан. Олардың 38-і егіз болса, екеуі үшем.

Жаңалықтар
0