Өңірлер

Қазгидромет алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын хабарлады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Синоптиктер алдағы үш күн ішінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендейді болжайды

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз — Sputnik. Солтүстік-батыс антициклонының келуіне байланысты 11-14 наурыз аралығында Қазақстанда күн суытып, жауын-шашын болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, кей облыстарда қалың қар жауады. Тіпті, соңы нөсер жауынға ұласуы мүмкін.

Сондай-ақ, айналаны тұман қаптап, боран соғады және көктайғақ болады деп болжануда.

Еске салсақ, кеше Қазақстанның 12 аймағында дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктер республиканың басым бөлігінде боран соғып, жел ұйытқуы секундына 15-20 метр болады деп болжады.

Оқи отырыңыз: Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты

Көктайғақ пен қалың қар Нұр-Сұлтанда жол апатының жиілеуіне, әуе рейстерінің кешігуіне және оқушылардың қайтадан қашықтан оқуына себепші болды.

Жаңалықтар
0