Өңірлер

Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАвтомобили во время снегопада
Автомобили во время снегопада - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Республиканың алты облысында жолдар жабылды. Құтқарушылар қазақстандықтарды ауа райының өзгеруін бақылауға, барлық сақтық шарасын сақтауға шақырды

АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына, боран болып, жолдың көрінбеуіне байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысы тоқтатылды:

  • Қарағанды облысында сағат 8:30-да Жезқазған – Петропавл (65-138 шақырым), Жезді – Ұлытау.
  • Қостанай облысында Екатеринбург – Алматы (686-729 шақырым), Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы.
  • Солтүстік Қазақстан облысында Екатеринбург – Алматы (729-768 шақырым), Қостанай облысының шекарасы – Тоқсан би ауылы. 
  • Ақмола облысында Жезқазған – Петропавл (377-440 шақырым), Қостанай облысының шекарасы – Державинск.
  • Павлодар облысында Омбы – Майқапшағай (191-390 шақырым), Ресей Федерациясының шекарасы – Мичурино.
  • Ақтөбе облысында Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай (89-234 шақырым), Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы.

Қай жолдар ашылды

8:30-да Ақмола облысында Екатеринбург – Алматы (997-1114 шақырым), Атбасар – Жалтыр ауылында жол ашылды.

Айта кетейік, Қазақстанның 10 облысында дабылды ескерту жарияланды. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Қазгидромет мамандары 11 наурызда қар мен жаңбыр, жауын-шашын, тұман, көктайғақ және жел болатынын хабарлады.

Құтқарушылар қазақстандықтарды ауа райының өзгеруін бақылауға, барлық сақтық шарасын сақтауға шақырды.

Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл бару қажет болса, теміржол көлігін пайдалануға кеңес берді.

Сондай-ақ, қай жолдардың жабық екенін "Қазавтожол" ұлттық компаниясының сайтынан көруге болады.

Ақпаратты 1403 бірыңғай телефоны немесе 112 құтқару қызметі, Darmen мобильді қосымшасы арқылы нақтылау мүмкіндігі бар.

Жаңалықтар
0