Өңірлер

Шығыс Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады

© Sputnik / Абзал КалиевПлатные дороги в Казахстане
Платные дороги в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2021
Жазылу
Жергілікті тұрғындар азық-түлік пен қызмет бағасы артады деп алаңдап отыр. Сондықтан жергілікті жүк көліктері мен ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдік беруді сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз — Sputnik. Қытай шекарасы мен Ресей шекарасына дейін Қазақстан шығысы арқылы өтетін М-38 жолы ақылы болады, деп хабарлады "Қазавтожол" баспасөз қызметі.

"Биыл ұзындығы 464 шақырым М-38 тасжолының Павлодар-Семей-Қалбатау учаскесі ақылы болады. Павлодар облысында тест режимінде үш, ал Шығыс Қазақстан облысында сегіз бақылау орны жасалды", - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысында ақылы учаске Семей және Шар қалалары, Аққұл, Бесқарағай және Жарма аудандары арқылы өтеді, деді "Қазавтожол"өкілдері қоғамдық тыңдау барысында.

Жергілікті тұрғындар азық-түлік пен қызмет бағасы артады деп алаңдап отыр. Сондықтан жергілікті жүк көліктері мен ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдік беруді сұрады.

Сондай-ақ тұрғындар Павлодар - Семей - Қалбатау жолын төрт жолаққа дейін кеңейтуді талап еткен. Малдан қоршаулар орнату керектігі айтылды.

Жаңалықтар
0